Имам Резаның (ғ.с.) туған күні құтты болсын!
(last modified Fri, 09 May 2025 09:39:38 GMT )
Maм 09, 2025 15:39 Asia/Almaty
  • Имам Резаның (ғ.с.) туған күні құтты болсын!

Әлемнің барша мұсылмандарын имам Резаның (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!

Зил-қаада айының 11-ші жұлдызы – Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.)  әулетінен шыққан имам Резаның (ғ.с.) туған күнінің жылдығы. Мешхед қаласындағы имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесі безендіріліп, әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған халық зиярат жасауға жиналады. Бұл жердің рухани кеңістігі жүректерді тыныштандырып, махаббат пен достыққа жігерлендіреді. Ол жерге келген әрбір адамның көңілі жұбаныш табады.

Имам Реза (ғ.с.) хазірет Мұса бен Джафардың (ғ.с.) перзенттерінің арасындағы үлкені, ең білімдісі, ең тақуа адам  болды. Ол әкесінен кейін имамат пен мұсылмандардың басшылығы міндетін атқарды. Имам Реза (ғ.с.) 20 жыл атқарған имамат міндетінің 18 жылын Медине қаласында өткізіп, ислам үмбетін дұрыс жолға нұсқады. Хазірет әкесінің шәкірттерін айналасына жинап, сабақ беру мен атасы имам Садық (ғ.с.) бастаған діни оқу орындарының жұмыстарын толықтырып, осы салада маңызды істерді атқарды.