Там 13, 2024 22:19 Asia/Almaty
  • Иранның оқушылар командасы робототехникадан әлемдік жарыста екінші орын алды

Иран оқушыларының ұлттық робототехника командасы жалпы ұпай саны бойынша екінші орын алды.

Робототехника-2024 жарысы үш күн бойы Қытайдың Бейжің қаласында өтті.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның 7-17 жас арасындағы 48 оқушысы робототехникадан өткен әлемдік жарыстың бес саласына – регби, футбол, сумо, жасампаздық және жалпы ұпайларға қатысып, ақырында екінші орын алды.

2019 жылы Малайзияда робототехникадан өткен жарыста Иранның оқушылар командасы үшінші орын, 2022 жылы Қытайда өткен жарыста екінші орын алған болатын. Сондай-ақ Иранның дарынды жеткіншектері өткен жылы Малайзияда Азия чемпионы атанды.   

 

Тегтер