Имам Хаменеи: Ортақ мүдделерге негізделген қарым-қатынастарды кеңейту Иран мен Түркіменстанға тиімді
Имам Хаменеи Түркіменстанның ұлттық көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов және онымен бірге келген делегациямен кездесуінде екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуды жоғары басымдық деп санап: «Иран мен Түркіменстанның қарым-қатынастары соңғы жылдары жақсы дамыды, бірақ одан әрі ынтымақтастық үшін әлі де көп мүмкіндіктер бар, оларды пайдалану қажет",- деді.
Pars Today агенттігінің Жоғарғы Басшы кеңсесінің ақпараттық базасына сілтеме жасаған хабарлауынша, имам Хаменеи Иран президентінің Түркіменстанмен қарым-қатынасты кеңейту туралы сөздеріне тоқталып: «Иранның Жол және қала құрылысы министрі Садех ханым ортақ комиссияның басшысы ретінде екі елдің келісімдерін орындап, қалаған нәтижелерге қол жеткізеді",- деп айтты.
Ол сондай-ақ Түркіменстанның ұлттық көшбасшысының екі ел арасындағы бірлескен жобалар, соның ішінде Оңтүстік-Солтүстік тас жолы және Түрікменстан газ құбырын дамыту жобалары туралы сөздеріне тоқталып, бұл жобаларды маңызды деп бағалап, былай деді:
"Бұл үлкен жобаларды ирандық мамандардың қатысуымен жүзеге асыру екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынасты одан әрі жақындата түседі".
Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан да қатысқан бұл кездесуде Түркіменстанның ұлттық көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов екі елді бір-біріне туыс деп атап:
"Түрікменстан мен Иран арасындағы ұзақ және ортақ шекара әрқашан бейбітшілік пен достықтың шекарасы болды және солай болады және біз барлық салада қарым-қатынасты кеңейтуге дайынбыз",- деді.