Там 29, 2024 21:24 Asia/Almaty
  • Иран Қорғаныс министрінің орынбасары: Біздің жастар - елдің байырғы қорғаныс өнеркәсібінің негізгі сәулетшілері

Иранның Қорғаныс министрінің орынбасары, бригада генералы Сейед Ходжатулла Қурейши Иран Ислам Республикасының қорғаныс өнеркәсібінің әскери құрал-жабдықтарды жобалау және өндіру арқылы ішкі күш пен жаңашылдыққа сүйеніп, толықтай жергілікті өнеркәсіпке айналғанын мәлімдеді.

 

 

Сардар Қурейши Иранның Қорғаныс өнеркәсібі күнін еске алу рәсімінде: «Бүгінгі күні қорғаныс өнеркәсібіндегі ілгерілеушілік пен өз-өзіне сенімділік ең ауыр шектеулер мен заңсыз және әділетсіз санкцияларға қарамастан Ислам революциясының маңызды жетістіктерінің біріне айналды",- деді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран  Қорғаныс министрінің орынбасары Ислам революциясының жеңісіне дейін Иран қарулы күштерінің стратегиялық тұрғыдан да, құрал-жабдық жағынан да толығымен Батысқа тәуелді болғанына тоқталып: " Қырық жылдан кейін ирандық жастардың күш-жігері, табандылығы және ұлттық қабілеттері мен таланттарына сенім артып, әскери құрал-жабдықтарды жобалау және өндіру толығымен жергілікті өнеркәсіпке айналды",- деді.

Ол мұндай мүмкіндікке қол жеткізудің Иран Ислам Республикасын аймақтағы белсенді және шешуші акторға айналдырғанын айтып, былай деп еске салды:

"ИИР Қорғаныс министрлігінің зымыран, әуе, әуе қорғанысы, теңіз, ғарыш, электронды, кибер және танымдық соғыс және басқа да салалардағы жетістіктері бүгінде техникамен   тек өзін-өзі қамтамасыз етіп қоймай, Иран қарулы күштеріне қажет қару-жарақ, сонымен қатар Иран Ислам Республикасына қорғаныс өнімдері мен технологиясын экспорттайтын елдердің біріне айналды".

Иран Қорғаныс министрінің орынбасары аймақтық және халықаралық оқиғаларға сілтеме жасап: «Әлем ең күрделі әскери жағдайдан өтіп жатыр және үлкен әрі таңғаларлық қауіп-қатерлердің алдында тұр",-деп айтты.

Сардар Қурейшидің көзқарасы бойынша әлемдік қауіпсіздік жүйесіндегі өзгерістердің белгілерінің қатарында Америка билігінің құлдырауы, саяси экономикалық күш парадигмасының Батыс гегемониясынан қалыптасып келе жатқан тәуелсіз саяси және  экономикалық державаларға ауысуы, әлемдік державалардың геостратегиялық бәсекелестігі және кейбір елдердің сыртқы саяси құралдары ретінде прокси соғыстар мен терроризмнің дамуы.

Дәл осы тұрғыда Иран Қорғаныс министрінің орынбасары былай деді: "Америка мен үстемшіл державалар жасанды дағдарыстар тудырып, басқалардың есебінен прокси соғыстар жасау арқылы өз мақсаттарына жетуге тырысуда, бұған бүгін Сирия, Ирак, Ауғанстан, Шығыс Еуропа және Азия елдерінде куә болып отырмыз. Әрине, Американың араласуы мен агрессиясының нәтижесі қарсыласу идеологиясының кеңеюіне және оның өрістерінің дамуына және құрлықаралық өзара одақтың құрылуына әкеледі және әлемде тәуелсіздік үшін жаңа билік полюстері мен антигегемониялық блоктардың қалыптасуы дінге, нәсілге және географияға тәуелсіз болады".

Соңында ол достас елдер арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды: "Бұл арада маңыздысы – қазіргі әділетсіз жүйеге қарсы консенсус пен конвергенция құру және көп дауысты, плюрализм және көпжақтылыққа негізделген әділ жүйе құру жолындағы қозғалысты жеделдету үшін тәуелсіз елдердің бірлескен күш-жігері маңызды",- деді.

 

  

 

 

 

Тегтер