Канани: Израиль режимін құрудағы Англияның рөлін ұмытуға болмайды
(last modified Tue, 03 Sep 2024 11:41:01 GMT )
Қыр 03, 2024 17:41 Asia/Almaty
  • Канани: Израиль режимін құрудағы Англияның рөлін ұмытуға болмайды

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ұлыбританияның сионистік режимге қолдау көрсетуіне тоқталып, аймақ және әлем халықтарының британдық мемлекет қайраткерлерінің Ислам әлемінің жүрегінде Израильдің апартеид режимін орнатуға тырысқандарын ұмытпайтынын баса айтты.

 

Pars Тoday агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани X әлеуметтік желісіндегі хабарламасында былай деп жазды: "Тарихи билеп-төстеу және оны жалғастыру әрекеті, бөліну тудыратын және маңызды аймақтық мәселелерде, соның ішінде Палестина мәселесінде қиындықтар мен дағдарыстарды институттандыру, Батыс Азиядағы британдық отарлау саясатының маңызды тарауы болып табылады. Бүгінде Ұлыбритания сионистік режимді қолдау арқылы Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында тұратын палестиналықтардың геноцидіне, жаппай қырылуына, азап шегуіне және жер аударылуына қатысы бар".

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сондай-ақ ағылшын отаршылдығына қарсы күрестің қаһарманы, шәһид Раис Әли Делвариді құрметтеп: "Ұлы әрі тарих жасаушы Иран елі отаршылдардың үстемдігімен, соның ішінде ағылшын отаршылдығымен күресіп, саяси тәуелсіздігін алу жолында бай әрі мақтанышты тарихына ие",- деді.

Шахривар айының 12-сі ағылшын отаршылдығына қарсы күрестің қаһарманы, шәһид  Раис Әли Делвариді еске алатын күн. Иран Ислам Республикасының ұлттық күнтізбесінде «Британдық отаршылдыққа қарсы ұлттық күрес күні» деп аталды.

Раис Әли Делвари (1915-1882) – бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Иранның оңтүстігіндегі Тангыстан мен Бушердегі ағылшын басқыншылары мен отарлаушыларына қарсы көтерілістің басшысы, бостандық талап етуші адам.