Иран Атом Қуаты Ұйымының басшысы: Үстемшілер Иранның ядролық өнеркәсібінің ілгерілеуінен қорқады
(last modified Sat, 07 Sep 2024 07:41:51 GMT )
Қыр 07, 2024 13:41 Asia/Almaty
  • Иран Атом Қуаты Ұйымының басшысы:  Үстемшілер Иранның ядролық өнеркәсібінің ілгерілеуінен қорқады

Иранның Атом Қуаты Ұйымының басшысы үсиемшілер мен сионистердің Иранның жасырын және жария етілмеген ядролық бағдарламасы бар деп уәжденуіне тоқталып: "Атом Қуаты Халықаралық агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның ядролық бағдарламасында ешқандай ауытқу жоқ",- деп баса айтты.

 

 

Иранның Атом Қуаты Ұйымының басшысы Мұхаммад Ислами: "20 жылдан астам уақыт бойы Иран үшін ядролық іс ашылды, үсиемшілер мен сионистер Иранның жасырын және жария етілмеген ядролық бағдарламасы бар екенін айтып, осы айламен Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіне қысым көрсеткісі келеді. Parstoday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислами былай деп мәлімдеді: "Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі Иранның ядролық бағдарламасында ешқандай ауытқу жоқ деп жариялады, бірақ олар Американың Иранға қарсы экономикалық соғыспен тұспа-тұс келген "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуымен оны тоқтатты.

«Тасним» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Атом Қуаты Ұйымының басшысы Мұхаммад Ислами: «Үстемшілдік пен сионизмнің жаңа сөзі атом бомбасынан қорқу емес, Иранның ядролық өнеркәсібінің күшінен қорқу» деп тоқталып: "Иран ғалымдары ерекше істермен айналысуда және үстемшілердің қорқынышы Иранның өнеркәсіптік және экономикалық қуаты болып табылады. Иранда озық технологиялар адамдардың өміріне тікелей әсер ететін өндірісті тудырады",- деп мәлімдеді.

Иранның Атом Қуаты Ұйымының басшысы ұлттық валютаның құнын төмендету мақсатындағы Иранға қарсы экономикалық соғысқа сілтеме жасап: «Иран халқының табандылығы мен ұстанымы дұрыс пен бұрыстың аражігін ажыратуға себеп болды және үстемдік жүйесінің барлық саясаты - қорқыту және басқыншылықты қолдау. Бұл тұрғыда санкция енгізу үстемдік жүйесінің құралы болып саналады",- деп баса айтты.