Екі ирандық дәрігер американдық инновациялар фестивалінде жараны емдейтін спреймен алтын медаль жеңіп алды
(last modified Thu, 12 Sep 2024 10:25:41 GMT )
Қыр 12, 2024 16:25 Asia/Almaty
  • Екі ирандық дәрігер американдық инновациялар фестивалінде жараны емдейтін спреймен алтын медаль жеңіп алды

Ирандық дәрігерлер жаралар мен күйіктерді жабатын балауыз спрей ойлап табу арқылы Американың дүниежүзілік өнертабыстар фестивалінің алтын медалін жеңіп алды.

Жыл сайын Дүниежүзілік өнертабыстар федерациясы жылына екі рет Америкада және Еуропада жаңа медициналық ғылым өнертабыстарына арналған фестиваль ұйымдастырады, онда жаһандық жобалар мен әртүрлі елдердің инвесторлары жаңа идеяларды ұсынады.

Хұсейн Қасеми мен  Аболфазл Барзегари екі ирандық дәрігердің инновациялық өнімі де биыл осы федерацияға қабылданды. Parstoday хабарлауынша, Хұсейн Қасеми және Аболфазл Барзегари дің жасушаларының секрециясы бар жаралар мен күйіктерді жабатын балауыз спрей өнімін ойлап табу арқылы осы өнімді әлемдегі екінші өндіруші ретінде бірінші орынды жеңіп алды. Хұсейн Қасеми бұл туралы: «Бұл спрейде жасартатын қасиетке ие дің жасушаларының секрециясы бар»,- деді.

Бұл ирандық дәрігер былай деп мәлімдеді: «Жоғарыда келтірілген өнім дене сұйықтықтарының бөлінуіне жол бермейді және инфекция тудыратын бактериялар мен саңырауқұлақтар сияқты сыртқы факторлардың тері мен тіндерге енуіне жол бермейді».

Қасеми бұл өнімнің жараның тез жазылуына себеп болатын қабық жасайтынын айтып: «Иран бұл өнімді шығара алған әлемдегі екінші ел»,- деді.   

 

 

Тегтер