Қыр 14, 2024 16:28 Asia/Almaty
  • Иран фарфор өндірісі бойынша әлемде екінші, керамика өндірісі бойынша бесінші орында

Иранның Сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасының мүшесі: «Иран әлемде фарфор өндірісінде екінші, керамика өндірісінде бесінші орында тұр»,- деді.

 

Иранның Сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасының мүшесі Аббасали Қасаи былай деп мәлімдеді: «Ирандағы фарфор өндірісі 8 өндірістік бөлімшенің жұмысымен жылына 50 мың тоннаға жетті. Осы тұрғыдан алғанда біз әлемде фарфор өндіруден екінші орындамыз».

Pars Тoday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасаи Иранның фарфор өнеркәсібінің заманауи және 50 жылдық тарихы бар екенін мәлімдеп, былай деді: «1350 жылы Иранда үш дана үш мың тонна фарфор өндірілсе, Ислам революциясының жеңісінен кейін 25 өндірістік бөлімше 50 мың тонна өніммен бүкіл фарфор өнеркәсібін басқарды».

Иранның Сауда, өнеркәсіп, кен және ауылшаруашылық палатасының мүшесі Иранның  жыл сайын 7-8 миллион доллар фарфор экспорттайтынын айтып: «Ирандық өндірушілер өндірістің сапасы мен санының жақсаруына әкелген соңғы фарфор өндіріс технологияларын пайдалануда. Қытай фарфор өнеркәсібі бойынша әлемде бірінші орында»,- деді.

Иранның Сауда, өнеркәсіп, кен және ауылшаруашылық палатасының мүшесі сонымен қатар плитка және керамика өндірісі бөлімшелерінің саны 10 бірліктен 140 бірлікке өскенін мәлімдеп: «Иранның керамикалық өнеркәсібі соңғы жылдары 20 есе өсті, қазір оның жылдық өнімі 450 миллион шаршы метрді құрайды. Ирандағы   керамика өнеркәсібінің 10 мың жылдық тарихы бар және бізде бұл елдің керамика және қыш өнеркәсібінде әлемнің ешбір жерінде көрінбейтін ислам мәдениетінің тамаша туындылары бар.

Тегтер