Пәкістан әйелдер университеті ирантану зерттеулерінің дамуын құптайды
Пәкістанның Равалпинди әйелдер университетінің ректоры Иран елшілігінің мәдени өкілімен кездесуінде бұл университеттің ирантану кабинетін ашуға дайын екенін мәлімдеді.
Пәкістанның Равалпинди қаласындағы Иран елшілігінің Мәдениет үйінің меңгерушісі және мәдениет атташесі Мәһди Тахери осы қаланың Қыздар университетінде болып, осы университеттің ректоры Аниле Камал ханыммен әңгімелесті.
Pars Тoday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Равалпинди әйелдер университетінің ректоры Аниле Камал Иранның Мәдениет үйімен екі жақты ынтымақтастықтың дамуын құптай отырып, бұл топтың Иранның әртүрлі университеттерімен, әсіресе Әл-Захра университетімен ғылым, мәдениет, өнер, парсы тілі мен әдебиеті салаларында бірлескен ғылыми жобаларды, оқытушылар мен студенттер алмасуын тілге тиек етті. Аниле Камал: "Иран Мәдениет үйі мен Равалпинди әйелдер университеті парсы тілін оқыту, сондай-ақ Икбал Лахори мен басқа да танымал тұлғаларды еске алу үшін бірлескен бағдарламалар ұйымдастыра алады",- деді. Сондай-ақ осы кездесуде Иран университеттерінің халықаралық аренадағы ғылыми ұстанымы мен 73 ирандық университеттің Times рейтинг жүйесінде болуына сілтеме жасап, Пәкістан университеттерімен ғылыми және академиялық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.
Иранның мәдени атташесі сондай-ақ профессорлар мен студенттер алмасу, бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру жобаларын жүзеге асыру, ақпарат алмасу, ғылыми, өнер және мәдени кездесулер өткізу, сондай-ақ әртүрлі салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне назар аудартты. Равалпинди әйелдер университетінде парсы тілі сыныптары мен иран кабинетінің ашылуына тоқталды.