«Иран қарсыластарына қастандық жасауға әрекеттенуде» деген жалған хабардың артында қандай топтар тұр?
(last modified Sat, 14 Sep 2024 12:11:32 GMT )
Қыр 14, 2024 18:11 Asia/Almaty
  • «Иран қарсыластарына қастандық жасауға әрекеттенуде» деген жалған хабардың артында қандай топтар тұр?

Иранның БҰҰ-дағы өкілдігі Иранды шетелде қарсыластарын өлтіруді жоспарлады деген айыптауларға қатысты сұрақтарға жауап берді.

 

АҚШ Әділет министрлігігің хабарлауынша:  "Асиф Реза Саудагер  Пәкістан азаматы американдық жердегі саясаткерді немесе мемлекеттік қайраткерді өлтіру жоспарының бөлігі ретінде ұлттық шекарадан тыс лаңкестік әрекет жасауға әрекеттенді және ақша үшін кісі өлтірді деп айыпталды". АҚШ-тың бас прокуроры Меррик Гарланд құжатсыз сілтеме жасап және осы тұрғыда Иранның атын орынсыз атай отырып: "АҚШ-тың Әділет министрлігі Иранның АҚШ үкіметінің қайраткерлерін нысанаға алу және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін талпыныстарына шыдамайды",- деді.

Pars Тoday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілдігі мәлімдемесінде: «Бұл жаңалықтар өндірісін сионистік режим, Албанияда орналасқан Мұнафеқин лаңкестік тобы және кейбір батыстың барлау қызметтері, соның ішінде АҚШ сионистік режимнің қылмыстарына күмән түсіру үшін жасайды",- деп айтты.

Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілі: «ИИР-ның Батыста немесе басқа елдерде лаңкестік немесе адам ұрлау операцияларының мақсаты мен жоспары жоқ",- деді.