Пезешкиан X желісінде: Иранның басты мақсаты – бүкіл Ислам еліндегі бірлік пен келісім
(last modified Mon, 16 Sep 2024 13:33:46 GMT )
Қыр 16, 2024 19:33 Asia/Almaty
  • Пезешкиан X желісінде: Иранның басты мақсаты – бүкіл Ислам еліндегі бірлік пен келісім

Иран Ислам Республикасының Президенті: «Иран үкіметінің негізгі мақсаты – бүкіл Ислам үмбетіндегі бірлік және келісім",- деді.

Масуд Пезешкиан өзінің Иракқа үш күндік сапарының мақсаттарына тоқталып, Х әлеуметтік желісінде күрд және араб тілдеріндегі жазбасында былай деп жазды:

«Біз дос әрі көршілес Ирак еліне үш күндік сапарымызда алға қойған мақсаттарымызда бірлік пен ынтымаққа назар аудардық».

«Осы сапар барысында Иран мен Ирак арасында ынтымақтастық туралы 14 меморандумға қол қойылды», - деп жалғастырды ол.

Ол осы жазбасында Иранның Иракқа қатысты тікелей басымдылығы екіжақты қарым-қатынаста ортақ тіл мен көзқарасқа қол жеткізу екенін баса айтты:

"Иракта жақсы кездесулер өтті, бұл екі ел арасындағы ынтымақ пен келісімнің нығая түсуіне жол ашады".

Сәрсенбі күні (11 қыркүйек) Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан өзінің алғашқы шетелдік сапарымен Бағдадқа саяси және экономикалық қайраткерлерден құралған жоғары дәрежелі делегацияны бастап келді және оны Ирак Премьер-министрі Мұхаммад Шиа әл-Судани ресми түрде қарсы алды.

 

Тегтер