Ирандық балалар Жапонияда өткен Канагава сурет байқауында 20 жүлдеге ие болды
Қыр 18, 2024 16:57 Asia/Almaty
Иран балалары Жапонияның Канагава қаласында екі жылда бір рет өтетін 22-ші халықаралық балалар суреті байқауында 20 жүлдені жеңіп алды.
Жапонияның Канагава қаласындағы 22-ші Халықаралық балалар суреті байқауы ашық тақырыпта өтті және осы өнер шарасына 60 елден 11 000-нан астам жұмыс келді.
Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 8 жасар Баран Эхтерами, 14 жастағы Пархам Гударзи және 12 жастағы Марьям Рахими есімді ирандық балалар осы халықаралық байқаудың арнайы жүлдесін жеңіп алды.
Тағы 17 ирандық бала Жапонияның екіжылдық 22-ші халықаралық балалар суреті байқауының Канагава жүлдесін алды.
Тегтер