Қыр 25, 2024 20:34 Asia/Almaty
  • Пезешкиан: Израиль режимі ДАИШ-ті жасырын және ашық қолдады; Иран ынтымақтастықты кеңейтуге дайын

ИИР Президенті: «Иран жақсырақ әлем құру үшін әлемнің күштерімен және көршілерімен тиімді және тең құқылы қарым-қатынаста болуға дайын",- деді.

 

ИИР Президенті Масуд Пезешкиан сейсенбі күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясында Америка Құрама Штаттарының "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы  шығуын сынап: "Иран мен әлемдік державалар мүмкіндіктерге бағдарланған көзқараспен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол жеткізді. Теһран Иранның құқықтарын мойындап, санкцияларды алып тастаудың орнына ядролық саладағы ең жоғары бақылауды қабылдады. Дегенмен, Дональд Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан  біржақты шығуы саяси аренада қауіп-қатерге, ал экономикалық аренада билікке бағытталған көзқарасты көрсетті",- деп мәлімдеді. Пезешкиан осыған орай, Иран Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі куәландырған "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы барлық міндеттемелерін ұстанатынын атап көрсетіп: "Теһран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мүшелерімен өзара әрекеттесуге дайын және егер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы міндеттемелері толығымен және адалдықпен орындалса, біз басқа мәселелер бойынша да диалогқа түсе аламыз",- деп баса айтты.

ИИР Президенті Америка халқына былай деді:

"Шекараларыңызда  әскери база салған Иран емес, еліңізге санкция салып, әлеммен сауда қарым-қатынастарыңызға кедергі келтірген Иран емес. Сіздерге   медицинаға қол жеткізуге Иран кедергі келтірген Иран емес.   Сіздерге әлемнің банктік және  ақша жүйесіне кіруге кедергі келтірген Иран емес. Сіздің армия басшыларыңызды өлтірген Иран емес,  Бағдад әуежайында Иранның ең қымбат әскери қолбасшысын өлтірген Америка".

Санкциялардың ел экономикасын әлсірету үшін қолданылатын жойқын және адамгершілікке жатпайтын қару екеніне тоқталған Пезешкиан: «Мыңдаған жазықсыз адамдардың өміріне қауіп төндіретін санкциялардың ең ауыр зардаптарының бірі – өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектерге қол жеткізуден айыру. Бұл адам құқықтарын ашық түрде бұзу ғана емес, сонымен бірге адамзатқа қарсы қылмыс",- деп баса айтты.

ИИР Президенті БҰҰ Бас ассамблеясында Израильдің Батыс Азия аймағындағы қылмыстарына да тоқталды:

"Өткен жылы әлем халқы Израиль режимінің болмысын көрді. Олар бұл режим басшыларының қалай қылмыс жасағанын көрді және он бір айдың ішінде Газада 41 мыңнан астам жазықсыз адамды өлтірді, олардың көпшілігі жазықсыз әйелдер мен балалар болды. Бірақ Израиль мен оның жақтастары геноцид, нәресте өлтіру, әскери қылмыстар мен мемлекеттік терроризмді «заңды қорғаныс» деп атайды".

Масуд Пезешкиан Батыс Азия мен әлемдегі 70 жылға созылған қауіп-қатерге деген  алаңдаушылықты тоқтатудың жалғыз жолы Палестина халқының өзін-өзі билеу құқығын қалпына келтіру екенін қуаттап: «Халықаралық қауымдастық Газа мен Ливандағы сионистік режимнің зорлық-зомбылығы мен соғысын дереу тоқтатуы керек",- деді. 

ИИР Президенті Иранның азаттық және халықтық қозғалыстарын қолдай отырып, Иран жерінде ғалымдарды, дипломаттарды және қонақтарымызды өлтіріп, ДАИШ пен лаңкестік топтарға жасырын және ашық түрде қолдау көрсеткен  Израиль екенін мәлімдеді.

Пезешкиан бұдан әрі Иранның Украина мен Ресей халқын қоса алғанда, барлығына бейбітшілік тілейтінін айтып, Иранның соғысқа қарсы тұруымен және Украинадағы әскери қақтығыстардың тез арада тоқтатылуы қажеттігін қуаттай отырып, кез келген әрекетті қолдайтынын және бұл дағдарыстың диалог арқылы ғана шешілетініне сенетінін баса айтты.

Тегтер