Қыр 27, 2024 16:20 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи: Қарсылық міндетті түрде жеңеді

Ислам революциясының жетекшісі Имам Хаменеи сәрсенбі күні таңертең қасиетті қорғаныс және қарсыласудың мыңдаған ардагерлері мен белсенділерімен кездесуінде Ирактың БААС режимінің Иран Ислам Республикасына қарсы таңылған соғысты бастауының себептеріне тоқталды.

Ислам революциясының жетекшісі бұл сөздердің тыңдармандарының барша, әсіресе жас ұрпақ екеніне тоқталып, 1359 (1980) жылы Иран ұлтына қарсы соғыстың басталу себебі туралы: «Иранның шекараларына шабуыл жасау уәжі Саддам мен БААС партиясына ғана тән емес еді, бірақ сол кездегі әлемдік тәртіптің жетекшілері АҚШ пен Кеңес Одағы және олардың жақтастары да шабуылға көптеген себебке ие болды».

Pars Today бұл мақаласында имам Хаменеидің ұлы державалардың Ислам революциясымен дұшпандықтарының себебі туралы ағартушылық тұстарына тоқталады.

 

Ислам революциясы  - әлемді билейтін жалған тәртіпке қарсы айқын айқай

Аятолла Хаменеи алпауыт мемлекеттердің Иранның бірегей халықтық революциясымен дұшпандық жасауының себебін жаңа ойлау және осы революцияның хабары деп санап, былай деп қосты: 

«Олардың дұшпандық себебі Ислам революциясының әлемді билеуші ​​жалған және жойқын тәртіп пен үстемдік жүйесіне қарсы ашық үндеу болды. Үстемдік жүйесі әлемді үстемдік етушілерге бөлу және үстемдік етушілердің мәдениеті мен пікірін басқа елдерге таңу дегенді білдіреді».

Ислам революциясының жаңа сөздерінің халықтар үшін тартымдылығы

Имам Хаменеи билеушілердің Ислам революциясының халықтар үшін тартымды әрі дамуы мүмкін жаңа сөзіне шыдай алмайтынын баса айтты: «Олар Иранға шабуыл жасау мүмкіндігін күтіп отырды, ал амбициялы, сараң, намыссыз, қатыгез және ойланбайтын Саддам державаларға бұл мүмкіндікті қамтамасыз етіп, оларды айдап салу арқылы Иранға шабуыл жасады». 

 

Ислам революциясының үстемдік жүйесіне қарсылығы

Ол Ислам республикасының бүкіл әлемге ашуланғаны туралы іштегі кейбіреулердің мәлімдемелеріне сілтеме жасап: «Егер олардың ниеті әлеммен саяси және экономикалық қарым-қатынасты үзу болса, бұл шындыққа қайшы келеді, өйткені бүгінде біз әлем халқының жартысы тұратын елдермен араласып жатырмыз. Бірақ ашулы болу үстемдік жүйесінің саяси тәртібіне қарсы тұруды білдірсе, бұл шындық. Революцияның басындағыдай біз бүгінде батыстықтар және олардың басында Америка тұрған үстемдік жүйесіне анық қарсымыз және бұл қарсылықты жариялаймыз».

 

Күшті қабылдамау

Ислам революциясының жетекшісі сондай-ақ бүгінде Иран ұлтының әртүрлі салалардағы орны мен болуының арқасында Иран шекараларына шабуыл жасауға батылдық жоқтығына тоқталып: «Бүгінгі билеушілер бұзақылықпен, қыңырлықпен басқаша айналысады. Түсіну керек, қақтығыстардың себебі ядролық энергия және адам құқығы және әйелдер құқығы сияқты сылтаулар емес, олар Ислам республикасының жемқор әлемдік тәртіпке қарсы жаңа сөзіне қарсы. Халық пен исламдық жүйе олардың күш сөздерін қабылдамайынша, бұл қарсылықтар шешілмейді, әрине біз олардың күш сөздерін қабылдамаймыз»,- деп мәлімдеді.

 

Ислам революциясының рухани тартымдылығы

Имам Хаменеи исламдық жүйенің саяси тартымдылығымен, яғни оның қате жаһандық жүйеге қарсы тұруымен қатар, оның рухани тартымдылығын, яғни илаһи сенімін әлем елдерінің ұлттары мен жастарын тартуға және билеушілерді үрейге тартуға тиімді деп есептеді.

Бұл кездесуде имам Хаменеи Палестина мен Ливанның қазіргі оқиғаларын қасиетті қорғаныс дәуірінің оқиғалары және Алла жолындағы жиһадтан туындаған деп біліп, былай деді:

«Ислам мемлекеті Палестинаны әлемдегі ең зұлым кәпірлер басып алды. Нақты әрі шариғат үкімі – әркім Палестина мен әл-Ақса мешітін бастапқы иелеріне қайтаруға тырысуы керек».

 Ислам революциясының жетекшісі былай деп қосты:

«Газаны қорғап, ащы оқиғаларға ұшыраған  Ливан Хизболласы Алланың атымен жиһад жасауда».

Бұл шайқастың таңылған сегіз жылдық соғыспен тағы бір ұқсастығына тоқталып: «Бұл шайқаста кәпір және арам пиғылды дұшпан ең көп құрал-жабдыққа ие және оның артында АҚШ тұр. Америкалықтардың сионистердің әрекеттерінен хабарсыз және бұл мәселеге қатысы жоқ деген уәждері жалған»,- деп айтты.

Ислам революциясының жетекшісі сионистік дұшпанның ақша, қару-жарақ және жаһандық үгіт-насихатқа ие екендігіне тоқталып:

«Мумін және моджәһид жағының құрал-жабдықтары мен мүмкіндіктері қарсы жаққа қарағанда әлдеқайда аз, бірақ жеңіске жеткен тарап - Алла жолындағы Палестина қарсыласуы мен Ливанның Хизболласы».

Имам Хаменеи қарсыласу майданының жеңіске жетуінің себебін сионистік режимнің жазықсыз әйелдер мен балалардың жаппай қырылуы мен мектептер мен ауруханаларды бомбалаудағы қылмыстық әрекеттері деп санап, былай деп қосты: «Егер сионистік режим Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы және Ливандағы соғысушы күштерді жеңе алған болса, жеңіске жету және басымдылық таныту үшін мұндай қылмыстың қажеті болмас еді».

 

 

Тегтер