Иран: Швеция билігінің айыптауы Теһран мен Стокгольм арасындағы қарым-қатынас кеңістігін уландырады
(last modified Fri, 27 Sep 2024 15:41:09 GMT )
Қыр 27, 2024 21:41 Asia/Almaty
  • Иран: Швеция билігінің айыптауы Теһран мен Стокгольм арасындағы қарым-қатынас кеңістігін уландырады

Стокгольмдегі Иран елшілігі мәлімдеме жариялау арқылы Швеция азаматтарына мәтіндік хабарламалар жіберу және оларды Құран жағушылардан кек алуға итермелеу туралы Иран Ислам Республикасына тағылған айыптарды негізсіз деп, қабылдамады.

Швеция прокуратурасы 2023 жылы Иранның барлау қызметі SMS операторын бұзып, Құранды өртеген наразылық білдірушілерден кек алуға адамдарды жігерлендірмек болғанын мәлімдеді.

Pars Тoday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Стокгольмдегі Иран Ислам Республикасының елшілігі бұл негізсіз айыптауды жоққа шығарған мәлімдемесінде: «Бұл материалдардың ұсынылуы және олардың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы екі ел арасындағы қарым-қатынас кеңістігін улап, әсер етеді», - делінген.

Стокгольмдегі Иран елшілігі Швеция үкіметінің ресми органдарынан Иран Ислам Республикасына қарсы бұл құжатсыз материалдардың алдын алуды және Швецияның сот жүйесінің дұрыс шешімімен бұл мәселенің қудалануына жол бермеуді сұрады.