Қыр 28, 2024 17:09 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі: Қауіпсіздік кеңесі Израильдің Палестина елін жою жөніндегі қатыгез жоспарын тоқтатуы керек

Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында: «Бұл кеңес Израиль режимінің 80 жылға жуық мерзімдегі аяусыз езгіде және оккупацияда болған тұтас бір халықты (Палестинаны) жою жөніндегі қатыгез жоспарын тоқтатуы керек",-деді.

ИИР Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи жұма күні Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Таяу Шығыс пен Палестинадағы жағдай туралы: "Нетаньяху мен оның қылмыстық тобы тұтқындалып, аса ауыр қылмыстары үшін сотталуы керек еді, БҰҰ-ның алдына шығып, оның зұлым істерімен мақтануына жол бермеу керек еді",- деп мәлімдеді. Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Аббас Арақчи: «Қауіпсіздік кеңесінің сенімі сәт сайын төмендеп келеді, себебі Израиль режимінің негізгі қолдаушылары оған жарғы бойынша өз міндетін орындауға кедергі жасады",- деп айтты.

Арақчи Израиль режимінің соғысуының АҚШ әскери және саяси қолдауына негізделгеніне назар аудартып: "Америка қарулары Газадағы Израиль режимі қолданатын қару-жарақ пен оқ-дәрілердің негізгі бөлігін құрайды, сондықтан Америка Құрама Штаттары Израиль қылмыстарының барлық аспектілеріне қатысы бар",- деп баса айтты. Ол: "АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия және т.б. қылмыскерлерді жай ғана тыныштандырғанын әлем ашу-ыза мен жиіркенішпен бақылап отырды. Ақыр соңында, сіз әлемдік қоғамдастық сіздің адам құқықтары туралы мәлімдемелеріңіздің шынайылығына сенеді деп күтесіз бе?" деді.

Израиль режимі 2023 жылдың 7 қазанынан бастап Батыс елдерінің толық қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестинаның қорғансыз және езілген халқына қарсы жаппай қырғын бастады. Осы қылмыстардың салдарынан 41 500-ге жуық палестиналық шәһид болып, 96 000-ға жуық адам жарақат алды.

Тегтер