Имам Хаменеи: Аймақ тағдырын Хизболла шешеді. Барлық мұсылмандар Ливан халқы мен Хизболланы жақтайды
(last modified Sat, 28 Sep 2024 11:58:05 GMT )
Қыр 28, 2024 17:58 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи: Аймақ тағдырын Хизболла шешеді. Барлық мұсылмандар Ливан халқы мен Хизболланы жақтайды

Имам Хаменеи Ливандағы соңғы оқиғаларға байланысты жолдауында: "Аймақтағы барлық қарсыласу күштері Хизболламен бірге және оны қолдайды",- деді.

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, имам Хаменеидің Ливандағы соңғы оқиғалар туралы жолдауының мәтіні мынадай:

 بسم الله الرحمن الرحیم

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың  атымен

Ливандағы қорғансыз халықты өлтіру баршаға тағы бір рет сионистік құтырған иттің жауыздығын әшкерелеп, басып алушы режим басшыларының ақымақ саясатын дәлелдеді.  Сионистік режимді басқаратын лаңкестік топ Газадағы бір жылға созылған қылмыстық соғысынан сабақ алған жоқ және әйелдердің, балалардың және бейбіт тұрғындардың жаппай қырылуы қарсыласу ұйымының күшті құрылысына әсер етіп, оны жойып жібере алмайтынын түсіне алмады.

Енді олар Ливанда да сол ақымақ саясатты сынап жатыр. Сионистік қылмыскерлер Ливандағы Хизболланың күшті құрылысына айтарлықтай зиян келтіру үшін тым кішкентай екенін білуі керек. Аймақтың барлық қарсыласу күштері Хизболламен бірге және оны қолдауда. Бұл аймақтың тағдырын қарсыласу күштері анықтайды және олардың басында Хизболла тұр.

Ливан халқы бір кездері басып алушы режимнің әскерилерінің Бейрутте болып, етіктерімен таптағанын ұмытқан жоқ. Олардың аяғын кесіп, Ливанды мақтан еткен Хизболла болды. Бүгін де Ливан Алланың құдіретімен басқыншы және зұлым дұшпанын өкіндіреді. Барша мұсылмандар өздерінің мүмкіндіктерімен Ливан және Хизболла халқымен бірге тұрып, басып алушы және зұлым режимге қарсы тұруға көмектесулері парыз.

والسلام علی عباد الله الصالحین

Алланың салих пенделеріне сәлем болсын

Сейед Әли Хаменеи

1403 ж. 7 меһр (28.09.2024)