Бүкіл Иран халқы Сейед Хасан Насролланың шәһид болғанын жоқтауда
(last modified Sun, 29 Sep 2024 12:27:22 GMT )
Қыр 29, 2024 18:27 Asia/Almaty
  • Бүкіл Иран халқы Сейед Хасан Насролланың шәһид болғанын жоқтауда

Иранның әртүрлі қалаларының халқы өз еркімен көшелерге шығып, сионистік режимнің Хизболланың бас хатшысы Сейд Хасан Насролланы террор ету қылмысын айыптап, Ливан мен Палестина халқына жанашырлық танытып, ынтымақтастығын білдірді.

 

Газа секторындағы шамамен бір жылға созылған қылмыс пен соғыстан кейін сионистік режим өткен дүйсенбіден бері Ливанға қарсы қылмыстарын кеңейтті және Бейруттің оңтүстігіндегі Дахия қаласын бомбалауда жұма күні (27 қыркүйек) соңғы қылмысында Ливан Хизболлаcының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла шәһид болды.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның 31 облысының орталықтарында өткен бұл жиындарда әртүрлі топтар, соның ішінде ерлер мен әйелдер, кәрілер мен жастар, студенттер қатысқан. Халық «Израильге өлім», «Америкаға өлім», «Уа, қарсыласу сейіті, сенің жолың жалғасуда» және «Уа, Хизболла жетекшісі, шәһид болуын мүбәрәк» деген ұрандар айтты.

Теһран халқы жаңбырға қарамастан Израильдің қылмыстарын айыптауға  жиналды
Иранның Оңтүстік Хорасанның Бирдженд тұрғындарының Ливан және Палестина халқымен ынтымақтастығы
Табриз студенттері сионистік режимнің қылмыстарын айыптады

Аза тұту белгісі ретінде қара жейде киген бұл жиындарға қатысушылар Иран, Палестина және Ливан Хизболласының туларын және Революцияның рухани жетекшісі, шәһид қажы Қасым Сүлеймани мен Сейед Хасан Насролланың суреттерін ұстап, жариялады. Қасиетті Құдсты  азат ету және сионистік режимді жою олардың соңғы деміне дейін жалғасады.

Мешхед тұрғындарының сионистік қылмыскерлерден кек алуға баса мән беруі
Илам халқының антисионистік жиыны
Шираз халқының Ливан және Палестина халқымен ынтымақтастығы

Сондай-ақ, сейіт Хасан Насролланың шәһид болғаны туралы хабар жарияланғаннан кейін қара аза туы Мешхедтегі Ислам пайғамбарының ұрпағы Имам Резаның (ғ.с.) және Құмдағы оның қарындасы хазірет Фатима Масуменің қасиетті кесенелерінің  күмбезінің үстіне орнатылды.  

Имам Реза (ғ.с.) кесенесіндегі ирандық жастың қолындағы шәһид  Сейд Хасан Насролланың  суреті.

Бүгін (жексенбі) сионистік режимнің лаңкестік әрекеттеріне наразылық білдіріп, Ливан халқына жанашырлық шерулерін өткізу үшін Иран университеттеріндегі сабақтар тоқтатылды.

Теһран университетінің студенттері Израильдің қылмыстарын айыптады

Сионистік режимнің қылмыстарына наразылық ретінде Иранның түкпір-түкпіріндегі барлық діни оқу орындарында сабақтары үш күнге тоқтатылды.

 

Қарсыласудың туын көтеруші Сейед Хасан Насролланың шәһид болуына байланысты Теһрандағы "Табиғат" көпірі мен "Милад" мұнарасының шамдары да кек алу белгісі ретінде қызыл түсті.

Теһрандағы "Табиғат" көпірі кектің қызыл түсіне боялды