Иранның нано өнімдері 50 елге экспортталады
https://itolqyn.com/news/iran-i78792
Жаңа статистика Иранның құны 69 миллион доллардан асатын 50 елге нано өнімдерді экспорттайтынын көрсетеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 01, 2024 21:11 Asia/Almaty
  • Иранның нано өнімдері 50 елге экспортталады

Жаңа статистика Иранның құны 69 миллион доллардан асатын 50 елге нано өнімдерді экспорттайтынын көрсетеді.

Нанотехнология саласындағы ирандық мамандар білімге негізделген мақалалар мен өнімдер шығару арқылы әлемнің үздік 7 елінің қатарына кіре алды.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Нано бас кеңсесінің соңғы статистикасы бойынша, нано өнімдердің экспорты үш жылда үш еседен астам артып, Иранда жасалған нано технология өнімдерінің экспорттық құны 69 миллион 100 мың долларға жетті.

Қазіргі уақытта Иранның нано өнімдері 50 елге экспортталады. Түркия, Ирак,  Ресей, Тәжікстан, Ауғанстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан және Грузия Иранның нанотехнологиялар экспортының негізгі бағыттары болып табылады.