АҚШ өз мүддесі үшін әртүрлі аймақтарда шиеленіс туғызуда; Ресей Премьер-министрі Пезешкианмен кездесті
ИИР Президенті Иранды аймақтың транзиттік торабы мен газ торабына айналдыру келісімін Иран мен Ресейдің ортақ ынтымақтастығының тамаша үлгісі деп санап: «Теһран мен Мәскеудің санкцияларға қарсы тұруға үлкен мүмкіндіктері бар",- деді.
Иран Президенті Масуд Пезешкиан Теһранда Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесті.
Pars Тoday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл кездесуде Пезешкиан Иран мен Ресейдің дипломатиялық делегацияларының алмасуы екі ел арасындағы өзара әрекеттестік пен коммуникацияларды дамытуға, сондай-ақ келісімдердің жүзеге асырылуын тездету мақсатында ынтымақтастықты нығайтуға себеп болғанын айтып: "Иран мен Ресейдің маңызды ортақ жобалары жүзеге асу кезеңіне жететін болса, екі ел үшін санкциялармен күресу саласында үлкен мүмкіндіктер тудырады",- деді.
Пезешкиан халықаралық ұйымдар, соның ішінде БРИКС және ШЫҰ негізіндегі аймақтық ынтымақтастықты АҚШ-тың біржақтылығына қарсы тұру үшін тәуелсіз елдердің, соның ішінде Иран, Ресей және Қытайдың қуатын арттыру деп тауып: "Сионистік режимнің АҚШ-тың тікелей қолдауымен және Американың аймақтағы қатысуының кеңеюіне негіз қалау мақсатымен орын алып жатқан қылмыстардың күшеюі және шиеленіс тудыруы аймақтағы елдер мен ұлттардың мүдделеріне ортақ қатер болып саналады, бұл мұндай қастандықпен күресу үшін көбірек ойлануды және ынтымақтастықты қажет етеді",- деп айтты. Бұл кездесуде Ресей премьер-министрі де Иран президентімен кездесуге ризалығын білдіріп, Ресей президенті Владимир Путиннің Пезешкианға жылы лебізін жеткізіп, өз елінің Иранмен, әсіресе энергетика, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және мәдениет салаларындағы өзара әрекеттестік пен алмасуларды нығайту мен кеңейтуге мүдделі екенін атап көрсетті.
Михаил Мишустин сондай-ақ әлем елдерінің игілігі үшін жаңа әлемдік тәртіпті жүзеге асыру үшін Иран мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін қуаттап, Иран президентіне: «БРИКС саммитіне қатысу, сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық келісімге қол қою үшін сіздің Ресейге келуіңізді күтеміз",- деді.
Ресей Премьер-министрі аймақтағы АҚШ-тың қолдауына ие болған шиеленістің күшеюіне алаңдаушылық білдіре отырып: «Америка әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі шиеленіс пен қақтығыстың артуына қолдау көрсету арқылы өз мүдделерін қамтамасыз етуге ұмтылуда және аймақтың тәуелсіз елдері, соның ішінде Иран мен Ресей мұндай шаралармен күресу үшін ынтымақтастықтарын жеделдетулері керек",- деп айтты.