Ислам революциясының жетекшісі: Иран қарулы күштерінің сионистік режимді жазалауы заңды болды
Ислам революциясының жетекшісі жұма намазындағы уағыздарында: «Исламның қорғаныс ережелері, Ислам республикасының конституциясы және халықаралық заңдарға сәйкес, Иран қарулы күштерінің қанішер сионистік режимін жазалаудағы әрекеті толығымен заңды болды",- деді.
Діни жетекшінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жұма күні Теһранда өткен діни-саяси намазда халықтың орасан зор және даңқты басқосуында мұсылмандардың бірлігі мен ынтымағын илаһи мейірім мен құрметке ие болу және дұшпандарды жеңу себебі деп атап: "Исламның қорғаныс ережелері, Ислам республикасының конституциясы және халықаралық заңдарға сәйкес, Иран қарулы күштерінің қанішер сионистік режимін жазалаудағы әрекеті толығымен заңды болды және Ислам Республикасы осы салада сезінген кез келген міндетін кешіктірмей және асығыссыз, күш-қуатпен және табандылықпен орындайды",- деді.
Аятолла Хаменеи дұшпандардың іріткі салу мақсатындағы әртүрлі әскери, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени саясаттарына тоқталып: «Иран халқының дұшпаны - Палестина, Ливан, Мысыр, Сирия, Ирак, Йемен және т.б. мұсылман халықтардың дұшпаны. Барлық агрессивті және іріткі салатын бұйрықтар бір командалық бөлмеден шығарылады, жалғыз айырмашылық - ислам елдерінде оның әртүрлі әдістері қолданылуы",- деп мәлімдеді.
Ислам революциясының жетекшісі: «Біз барлық исламдық елдерде Ауғанстаннан Йеменге және Ираннан Газа мен Ливанға дейін қорғаныс, тәуелсіздік және абырой белдеуін бекітуіміз керек",- деп баса айтты.
Аятолла Хаменеи араб тілінде оқылған жұма намазының екінші уағызында әлемнің барша мұсылман қауымына, әсіресе Ливан мен Палестина халқына арнаған арнайы үндеуінде шәһид Насролланың болмысы, рухы, жолы мен үні мәңгілік деп мәлімдеді.
Аятолла Хаменеи зұлым дұшпанның Хизболла немесе ХАМАС және Исламдық жиһад және Алланың жолындағы басқа да күрескер ұйымдарына ауыр зиян тигізе алмауын олардың қастандық, қирату, бомбалау және бейбіт тұрғындарды өлтіру және қарусыз адамдарды қайғыға батыру әрекеттерінің себебі деп тауып: "Жау бұл әрекеттерін өзінің жеңісінің белгісі деп біледі, бірақ бұл әрекеттің нәтижесі арсыз болмысын тарих сахнасынан жою болып табылады",- деп айтты.
Ислам революциясының жетекшісі АҚШ пен оның одақтастарының басып алушы режимнің қауіпсіздігін сақтауға әрекеттенуін бұл режимді аймақтың барлық ресурстарын тартып алу және оны ірі жаһандық қақтығыстарда пайдалану құралына айналдырудың өлімге әкелетін саясатының бүркеме деп біліп, сионистік режимнің күрескерлерге қатысты мейірімсіз және аяусыз әрекетінің осындай жағдайға деген сараңдығынан екенін баса айтты: "Бұл бізге кез келген топтың басып алушы режимге жасаған кез келген соққысы бүкіл аймаққа және бүкіл адамзатқа жасалған қызмет екенін түсінуге мүмкіндік береді",- деп назар аудартты.
Аятолла Хаменеи басып алушы режимнің бар болуына кепілдік беру мақсатты сионистік және американдық арманды жалған және мүмкін емес қиял деп атап: «Бұл жасанды режим американдық қолдаудың арқасында ғана өмір сүре алатын зұлымдықтың үлгісі және бұл Алланың рақымының арқасында ұзаққа созылмайды",- деді.
Аятолла Хаменеи сионистік қылмыстық топтың ХАМАС пен Хизболланы ешқашан жеңе алмайтыны туралы бірте-бірте қорытындыға келгеніне сілтеме жасап, Ливан мен Палестинаның қарсыласқан халқына, ержүрек күрескерлеріне арнап: «Бұл шәһидтер, жерге төгілген қандар сіздердің қозғалысыңызды әлсіретпейді, керісінше оны күшейтеді",- деп қуаттады.
Ислам революциясының жетекшісі Газадағы қарсыласудың әлемді таң қалдырып, Исламға абырой бергенін баса айтып, "әл-Ақса дауылы" мен Газа мен Ливанның бір жылдық қарсыласуын сионистік режимнің өз өмір сүруін сақтау қамына қайта оралуының себебі деп санап, былай деді: "Бұл Палестина мен Ливанның соғысушы ерлерінің сионистік режимді 70 жылға кері қайтара алғанын білдіреді".
Бұл рәсімнің соңында Ислам революциясының жетекшісінің басшылығымен жұма және құптан намаздары оқылды.