Иранның Ливандағы елшісі: Иран Америка мен сионистердің аймақ тағдырын өзгертуіне жол бермейді
(last modified Sat, 05 Oct 2024 11:06:13 GMT )
Қаз 05, 2024 17:06 Asia/Almaty
  • Иранның Ливандағы елшісі: Иран Америка мен сионистердің аймақ тағдырын өзгертуіне жол бермейді

Иранның Ливандағы елшісі ИИР Сыртқы істер министрінің Израильдің шабуылдарымен бір мезгілде Ливан астанасы Бейрутке сапарын батылдық деп атады.

 

Сионистік режимнің тікелей нұсқауымен Ливандағы пейджер жарылысының лаңкестік оқиғасы салдарынан жарақат алған ИИР-ның Ливандағы елшісі Моджтаба Имани X желісінде былай деп жазды: «Иранның Сыртқы істер министрі Сейд Аббас Арақчи  Ливанға батыл әрі қуатты сапар жасады және оның маңызды аймақтық әсері болады".

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Моджтаба Имани одан әрі Иранның қиын жағдайда Ливанның жанында болатынын көрсеткенін баса айтты. Ол:  "ИИР ешқашан Америка мен заңсыз сионистік құрылымға аймақ тағдырын өзгертуіне жол бермейді. Болашақты қарсыласу майданы бастаған аймақ елдері айқындайды",- деді.

Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи 4 қазан күні Ливанға барды. Иранның Сыртқы істер министрі сионистік режим Бейрут әуежайында кез келген ирандық ұшақты нысанаға аламыз деп қорқытқан кезде Бейрутке келді.

Газаға жасалған шабуылдан бір жыл өтсе де, Газадағы қирату соғысынан жеңіспен шыға алмаған сионистік режим Ливанға,  Бейруттің оңтүстік шетіндегі тұрғын аудандарға қарсы шабуылдарын бастады және осы қатыгез шабуылдарды күшейту салдарынан Хизболланың Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла   шәһид болды.

Сейед Хасан Насролланың  шәһид болуы және сионистік режимнің Ливанның тұрғын аудандарына қарсы аяусыз шабуылдарына қарамастан, Хизболла күштері сионистік дұшпанмен шайқасын жалғастыруда.