Иранның гибридтік шабуылдары Израильдің қорғаныс жүйесін қалай істен шығарды?
(last modified Mon, 07 Oct 2024 11:33:29 GMT )
Қаз 07, 2024 17:33 Asia/Almaty
  • Иранның гибридтік шабуылдары Израильдің қорғаныс жүйесін қалай істен шығарды?

Саяси сарапшы Иранның сионистік режимнің әскери және барлау желілерінің жүрегіне соққы беру мүмкіндігін соғыс барысының өзгеруінің белгісі деп санады.

«Негах Ноу» стратегиялық зерттеулер орталығының директоры және редакторы Мұхаммад Али Санобари «Иранның зымырандық шабуылдары басқыншылардың әскери базаларын қалай қиратып, олардың әуе қорғаныс жүйелерін толығымен істен шығарды» деген мақаласында былай деп жазды: «Иранның зымырандық операциясы ("Шын уәде 2") заманауи әскери стратегияның айқындаушы сәті және Иран мен сионистік басқыншылар арасындағы жалғасып жатқан қақтығыстардағы маңызды оқиға болып табылады".

Pars Тoday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл саяси сарапшы өзінің жазбасында Иранның өз күшімен сионистердің қауіпсіздік және әскери позицияларына қарсы зымырандық шабуылдарымен бұл режимді, әсіресе әскери салада қалай тұғырға түсіре алғанын бірнеше аспектіден талқылады:

Израильдің негізгі нысандарын нысанаға алу

"Шын уәде 2" операциясында Израильдің негізгі әскери нысандары Иранның зымырандық шабуылдарына кеңінен ұшырады, сондықтан тіпті Израиль ақпарат құралдары, соның ішінде «Маарив» газеті де осы операцияның салдарынан болған ауыр шығынды мойындады.

Иранның зымырандық шабуылдарының нәтижесінде Негев шөліндегі «Неватим» авиабазасы ауқымды түрде шығын көрді, «Тель-Ноф» және «Хацарим» базалары  зардап шекті, сондай-ақ Моссад штабы шығын көрді. Иранның "Шын уәде 2" бірлескен шабуылы Израильдің әскери активтерін физикалық түрде жоюмен шектелмеді. Бұл зымырандық шабуылдарды, кибершабуылдарды және психологиялық операцияларды қоса алғанда, заманауи гибридтік соғыстың жоғары күрделілігі мен үйлестіруінің демонстрациясы болды.

Израильдің қорғаныс инфрақұрылымына кибершабуылдар зымырандарды ұстауға арналған Израильдің «Темір күмбезін» істен шығарды. Кибершабуылдар ирандық хакерлермен зымырандық шабуылына дейін және кезінде «Рафаэль» компаниясына (осы жүйенің дизайнына жауапты компаниялардың бірі) алдыңғы енуінен алынған деректерді пайдалана отырып жасалды. Израильдің қорғаныс инфрақұрылымына, әсіресе «Темір күмбез» және «Флахан Дауд» жобасына қатыстырылған батыстық FireEye компаниясына жасалған шабуыл Израиль қорғаныс жүйелерінің сәтсіздігін күшейтті. Израильдің радарлары мен зымыран тасығыштарын өшіру арқылы Иран зымырандарының 90%-дан астамы жоспарланған нысанаға тиді.

Иранның сионистерге қарсы психологиялық соғысын бастау

Израильге зымырандық шабуылдарына сәйкес, Иран күштері басып алынған аумақтардағы SMS жүйелерін бұзып, тұрғындарға олар шабуылдар аяқталды  және баспаналарын тастап кетуге болады деп ойлайтындай  хабар таратты. Бұл психологиялық соғыс тактикасы басқыншыларды көбірек шатастырып, үрей туғызып, сионистік басқыншы күштердің ішкі әрекеттерін тұрақсыз етті.

Иран мен қарсыласу осі бір мезгілде және үйлестірілген операцияларды жүзеге асырды

Иранның Тель-Авивтің жүрегіне зымырандық шабуылдарымен бір мезгілде Палестинаның Хамас исламдық қарсыласу қозғалысының күштері Тель-Авивтегі теміржол вокзалында құрлық операциясын жүргізді.  Қарсыласудың жалпы стратегиясының маңызды бөлігі болған бұл құрлық шабуылы қазіргі заманғы соғыстың енді бір аймақпен шектелмейтінін, бұл стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін бірге жұмыс істейтін электронды, әуе және жердегі элементтердің жиынтығы екенін дәлелдеді.

«Иранның зымырандық шабуылдары басқыншылардың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін қалай істен шығарды?» жазбасының авторы мақаласының соңында "Шын уәде 2" операциясының Иран мен Израиль арасындағы жалғасып жатқан қақтығыстардың шешуші сәті ретінде белгілі екеніне тоқталып, былай деп жазды: "Сионистік режим бұл шабуылдың салдарынан шығуға таопынып жатқан кезде, жаһандық әскери стратегияның кеңірек салдары анық: бұл режим енді иммунитетке ие емес, ал Иран, Хамас және Хизболла Батыс пен Израильдің барлық аңыздарын жойды және болашақ текетірес олар үшін одан да жойқын және қанды болады".