Пезешкиан: Иранның зымырандық операциясы Израильдің қатыгездігін ауыздықтау болды
ИИР Президенті Нидерланды Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесуінде Иранның зымырандық операциясының Израильдің қатыгездігін тежеу үшін жасалғанын баса айтты.
ИИР Президенті Масуд Пезешкиан Нидерланд Премьер-министрі Дик Схофтың телефон қоңырауына жауап беріп, Израильдің Палестинадағы қылмыстарына тоқталып, аймақтағы шиеленіс пен тұрақсыздықтың шиеленісуіне сионистік режимді себепші деп санады.
Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Пезешкиан осы телефон сұхбатында Иранның Газада атысты тоқтату келісімін орнату талпыныстарының сәтті болуына үміт артып, сионистік режимнің лаңкестік қылмысына дереу жауап бермеуіне тоқталып: "Иран Ислам Республикасының сионистік режимге зымырандық шабуылы дәл осы режимнің қатыгездігін ауыздықтау және БҰҰ Жарғысының ашық мәтініне сүйене отырып, оның аймақтағы қылмыстары мен шабуылдарын тарату әрекетінің алдын алу мақсатында халықаралық құқықтық негіздерге сәйкес және тек әскери нысандарға қарсы жасалды",- деді.
ИИР Президентінің мәлімдемесіне сәйкес, сионистік режим Газадағы сәтсіздіктерінің орнын толтыру және аймақтағы шиеленіс пен қақтығыстарды тарату мақсатында Теһранда Иран қонағын өлтірді және Батыс елдері, олардың басында Америка сионистердің қылмыстары мен лаңкестік әрекеттерін айыптаудың орнына үнемі Ираннан өзін-өзі ұстауды сұрады.
Пезешкиан сөзінің басқа бір бөлігінде Иран үкіметінің әлемнің барлық елдерімен қарым-қатынастарын теңгерімді дамыту саясатына тоқталып: "Иран елі соғыс, санкциялар мен шиеленіс жағдайында даму жолымен жүру мүмкін емес екенін басқалардан жақсы біледі, сондықтан еш уақытта соғыс, қақтығыстар мен шиеленістерге ұмтылмайды",- деп айтты.