Израильдің Қызыл Жарты Ай далалық ауруханасына жасаған шабуылына Теһран үнсіз жауап қайтаруы мүмкін
(last modified Sun, 13 Oct 2024 12:20:18 GMT )
Қаз 13, 2024 18:20 Asia/Almaty
  • Израильдің Қызыл Жарты Ай далалық ауруханасына жасаған шабуылына Теһран үнсіз жауап қайтаруы мүмкін

Сионистік режимнің Сирия мен Ливан шекарасындағы далалық госпиталь мен Иранның гуманитарлық көмек қоймасына жасаған шабуылын айыптай отырып, Иран қайраткерлері бұл қылмысты халықаралық құқықты ашық бұзу деп санады.

Иранның Қызыл жарты ай қоғамының басшысы Пирхұсейн Коливанд жұма күні сионистік режимнің Сирия мен Ливан шекарасындағы осы қоғамның 56 төсектік далалық ауруханасына шабуыл жасағанын, бірақ оның ешқандай шығынға ұшырамағанын хабарлады. ParsToday агенттігінің хабарлауы бойынша,  Коливанд бұл лаңкестік әрекетті айыптап, былай деді: «Израильдің бұл әрекеті медициналық және көмек көрсету орталықтарына шабуыл жасауға тыйым салудағы халықаралық гуманитарлық құқықты айқын бұзу болып табылады».

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Амир Саид Иравани де Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Паскаль Кристиан мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке жолдаған хатында гуманитарлық және медициналық нысандарды нысанаға алу халықаралық гуманитарлық құқықты бұзу болып табылатынын баса айтты. Иравани: «Бұл гуманитарлық нысанды Иран Қызыл Жарты жарты ай қоғамы босқынға ұшыраған ливандық бейбіт тұрғындарға және Израиль режимінің толассыз және қатыгез агрессиясының құрбандарына өмірлік маңызды көмек көрсету және осындай зұлымдықтан зардап шеккендерге өмірлік көмек көрсету үшін құрды»,- деп айтты.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Исмаил Бақаи де басқыншы режимнің Газа, Ливан және Сириядағы ауруханалар мен медициналық және көмек көрсету орталықтарына қайта-қайта шабуыл жасауын осы режимнің барлық халықаралық ережелер мен нормаларға қарсы шығуының айқын белгісі деп атап, құзырлы халықаралық мекемелерден, соның ішінде Халықаралық Қызыл Крест комитетінен нақты жауап беріп, сионистік режимнің әрекеттерін соғыс қылмысы ретінде айыптауға шақырды.  

  

Тегтер