Иран армиясының бірлескен теңіз жаттығуы - 2024 басталды
(last modified Sat, 19 Oct 2024 15:09:12 GMT )
Қаз 19, 2024 21:09 Asia/Almaty
  • Иран армиясының бірлескен теңіз жаттығуы - 2024 басталды

ParsToday - Үнді мұхитымен шектесетін елдердің бірқатар әскери-теңіз күштерінің қатысуымен және Иран Ислам Республикасының Әскери-теңіз күштерінің өткізуімен IMEX 2024 басталды.

IMEX 2024 бірлескен теңіз жаттығуларының өкілі контр-адмирал Мұстафа Таджедини бұл жаттығудың басталғанын хабарлады.

Parstoday агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, ол сенбі күні журналистермен кездесуінде: «Бейбітшілік, достық, жанашырлық және ұжымдық қатысу» хабарға ие бұл жаттығу Иран Ислам Республикасының әскери және полиция күштерінің және Ресей, Оман, Сауд Арабиясы, Үндістан, Таиланд, Пәкістан, Катар және Бангладеш елдерінің қатысуымен «Қауіпсіз Үнді мұхит үшін бірге» ұранымен өтеді.

Мұстафа Таджедини теңізге бара жатқанда қатысушы бөлімшелердің мамандандырылған жаттығуларын жоспарлап отырғанын хабарлады және былай деді: «Белгіленген аймаққа жеткеннен кейін бірлескен теңіз жаттығуларына қатысатын кемелер мен бөлімшелер өртті бақылау, іздестіру-құтқару жұмыстары және мұнай төгілуін тоқтату сияқты әртүрлі операцияларды орындайды».

Үнді мұхитымен шектесетін елдердің әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығулары 2008 жылдан бері Үндістан Әскери-теңіз күштерінің бастамасымен дәстүрлі емес және ұйымдасқан дағдарыс мәселелерімен күресу үшін теңіз ынтымақтастығын кеңейту мақсатында ұйымдастырылып келеді.

Тегтер