Сафиуддин сияқты ержүректердің батылдығы Ливанды ыдыраудан құтқарды; Ислам революциясы жетекшісінің жолдауы
(last modified Sat, 26 Oct 2024 11:29:51 GMT )
Қаз 26, 2024 17:29 Asia/Almaty
  • Сафиуддин сияқты ержүректердің батылдығы Ливанды ыдыраудан құтқарды; Ислам революциясы жетекшісінің жолдауы

ParsToday - Имам Хаменеи Сейед Хашим Сафиуддин шәһидтің тұлғасын құрметтеу жолдауында Хизболланың тірі және өсіп келе жатқанын және өзінің тарихи рөлін атқарып жатқанын баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі қарсыласу майданының құрметті жастарына арнаған жолдауында Ливан Хизболласының атқарушы кеңесінің басшысы  Сейед Хашим Сафиуддиннің болмысына тоқталып: «Бүгінгі күні де Хизболла Ливанның ең мықты қорғаушысы және ұзақ уақыт бойы Ливанды бөлуді көздеген сионистік режимнің қылмысына қарсы ең күшті қалқан болды».

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, революция жетекшісінің жолдауының мәтіні мынадай:

 بسم الله الرّحمن الرّحیم

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен  

Құрметті қарсыласу майданының жастары

Батыл күрескер, жанқия, Сейед Хашим Сафиуддин қарсыласу шәһидтерінің қатарына қосылып, Құдс қасиетті жолында тағы бір жарық жұлдыз жиһад аспанын безендірді.

Ол Хизболланың ең көрнекті тұлғаларының бірі және Сейед Хасан Насролланың тұрақты досы әрі серігі болды. Хизболла ол сияқты басшылардың қырағылығы және батылдығымен Ливанды ыдырау қаупінен қорғап, қатыгез әскері кейде Бейрутке шабуыл жасаған басып алушы режимнің қаупін залалсыздандыра алды.

Насролланың осі болған оның және басқа қолбасшылар мен күрскерлердің батылдығы мен құрбандығы Литани, Тир және сол аймақтағы басқа қалалардың оңтүстігін басып алу және  жаулап алынған Палестинаға қосу қаупін жойған және аумақтық тұтастығын сақтау үшін Хизболланың өмірін, мүлкін және құнды беделін алаңға шығарып, басқыншы әрі қылмыскер сионистік режимді сәтсіздікке ұшыратты.

Бүгінгі таңда Насролла мен Сафиуддин сияқты көшбасшылар бұл дүниеде жоқ сияқты, бірақ олардың рухы мен көшбасшылығы өрісте және Ливан мен оның қорғансыз халқын қорғайды.

Бүгінгі күні де Хизболла Ливанның ең мықты қорғаушысы және ұзақ уақыт бойы Ливанды бөлуді көздеген сионистік режимнің қылмысына қарсы ең күшті қалқан болып табылады. Дұшпан Хизболланың Ливан үшін жанқиярлық рөлін жоққа шығаруға тырысады. Ливанның жанашырлары бұл жалған мәлімдеменің көмейінен олардың естілуіне жол бермеуі керек.

Хизболла тірі және дамып келеді және өзінің тарихи рөлін атқарады. Әдеттегідей, Ислам Республикасы Құдс күрескерлеріне және Палестинаны басып алған қылмыстық топтың басқыншылығына қарсы тұрғандарға, Алла қаласа, көмектеседі.

Сүйікті Сейед Сафиуддиннің жанұясына, туған-туыстарына және қарсыласудың барлық майданындағы жолдастарына қайғырып көңіл айтамын.

و السلام علی عباد الله الصالحین

Сейед Әли Хаменеи

1403/08/03 (24/10/24) 

Тегтер