Сионистік режимнің Иранға қарсы агрессиясын айыптаудағы алғашқы халықаралық реакциялар
(last modified Sat, 26 Oct 2024 12:14:32 GMT )
Қаз 26, 2024 18:14 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің Иранға қарсы агрессиясын айыптаудағы алғашқы халықаралық реакциялар

ParsToday- Сауд Арабиясы, Малайзия, Пәкістан және Оманның Сыртқы істер министрлігі жеке мәлімдеме жасап, сионистік режимнің Иранға қарсы әскери басқыншылығын айыптады.

Parstoday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның әуе қорғанысының қоғаммен байланысы мәлімдемесінде:  «Бүгін (сенбі таң ата) сионистік режим Теһран, Хузестан және Илам облыстарындағы әскери орталықтарға шабуыл жасады және Иранның әуе қорғанысының біріккен жүйесі тосқауыл қою кезінде сионистік режимнің осы басқыншылық әрекетіне сәтті тойтарыс бере алды»,- деп хабарлады.

Бұл хабарландыруға сәйкес, кейбір жерлерге шектеулі зиян келтірілді және оқиғаның көлемі зерттелуде.

Осыған байланысты әлемнің әртүрлі елдері халықаралық заңдарға қайшы келетін бұл әрекетті айыптады.

Малайзия Сыртқы істер министрлігі сионистік режимнің Иранға агрессиясына реакция білдіріп:  «Малайзия сионистік режимнің бүгін (сенбі) таңғы уақытта Иран Ислам Республикасына жасаған шабуылдарын айыптап, оны халықаралық заңдарды ашық бұзу және аймақтың тұрақтылығына елеулі қатер деп санайды»,- деді. Бұл мәлімдемеде: «Израиль режимінің әрекеттерінің жалғасуы Батыс Азия аймағындағы қақтығыстардың кеңеюіне және одан да үлкен дағдарыстардың туындауына әкелуі мүмкін»,- деп айтылды.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде: «Иран Ислам Республикасы бетпе-бет келген әскери шабуыл егемендік пен халықаралық заңдар мен әдет-ғұрыптарды бұзу болып табылады және Сауд Арабиясы оны айыптайды»,- деп жариялады. Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі халықаралық қауымдастық пен ықпалды және белсенді тараптардан аймақтағы шиеленісті азайту және қақтығыстарды тоқтату үшін өз рөлдері мен міндеттерін орындауды сұрады.

Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы мәлімдеме жасап: «Израильдің Иранның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қарсы әскери шабуылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы мен халықаралық заңдарды өрескел бұзу болып табылады»,- деп баса айтты.

Оман Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде сионистік режимнің Иран Ислам Республикасына қарсы басқыншылық әрекетін қатаң айыптап, оны Иранның егемендігін ашық түрде бұзу және халықаралық заңдарды бұзу деп бағалады.

Тегтер