Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері мұсылмандардың Таяу Шығыста АҚШ пен сионистік режим қолдап отырған жалдамалы үкіметтер және лаңкестік топтармен күресуін сұрады.
Аятолла Мұхаммад Имами Кашани Теһранның осы аптадағы жұма намазында үстемшіл елдердің Таяу Шығыс аймағын талан-таражға салу және ислам әлемін абырой-беделден айыруға бағытталған жобаларына тоқталып: «Мұсылмандардың бірлігі мен ислам дұшпандары алдындағы қырағылығы олардың барлық жобаларын залалсыздандырады»,-деп баса айтты.
Аятолла Кашани Ислам революциясы жетекшісінің әлемдік алпауыттардың «исламмен жауласу» мен «Ираннан үркіту» жобаларын ілгерілету жолындағы талпыныстары жайлы ескертулеріне тоқталып: «Бүгінде исламның атымен Ирак, Палестина, Ливан, Йемен мен Сирияда жасалып жатқан қылмыстар мен қырып-жоюлар «исламмен жауласу» және «Ираннан үркіту» үдерісі аясында орын алуда»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ пен сионистік режимнің саясаттары аясында аймақ халықтарына қарсы әрекет етіп, тәкфирлік топтарды қолдап отырған кейбір аймақ елдерін сынға алып: «Бұл қастандықтармен күресу тек исламдық ояну мен ислам үмбетінің бірлігін қажет етеді»,-деді.
Аятолла Кашани Иран халқының АҚШ пен оның аймақтағы жалдамалыларының айла-шарғыларынан толық хабардар екенін айтып: «Бүгінде ИИР-дағы қауіпсіздік Ислам революциясы жетекшісінің жолнұсқаулары мен Иран халқының бірлігінің арқасында сақталып отыр»,-деді.