Иранның Қорғаныс министрі: Израильдің шабуылында ешқандай соғыс ұшағы Иранға кірген жоқ
ParsToday- Иранның Қорғаныс министрі сионистік режимнің жуырдағы шабуылы кезінде Израиль әскери ұшақтарының Иран аспанына кіруін, сондай-ақ солтүстік шекаралардан шабуыл жасау туралы қауесетті теріске шығарды.
26-шы қазанда сионистік режим шиеленісті әрекетпен Ирандағы әскери орталықтардың бір бөлігіне шабуыл жасады және ИИР-ның біріккен әуе қорғаныс жүйесі тосқауыл қоюмен бірге Израиль режимінің осы басқыншылық әрекетіне сәтті қарсы тұра алды.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Қорғаныс министрі Азиз Насирзаде Израиль әскери ұшақтарының Иран аспанына кіруін теріске шығарып, былай деді: «Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес, қай елдің әуе кеңістігі бұзылса, сол ел сол бұзушылық пен агрессияға жауап беруге құқығы бар».
Насирзаде былай деп қосты: «Жау біздің қорғаныс жүйелеріне де, шабуылдау жүйелерімізге де зақым келтіруге тырысты, бірақ қорғаныс шаралары орындалғандықтан, біз көп шығынға ұшырамадық».
Иран Қорғаныс министрі Иранның солтүстік шекараларынан шабуыл жасалды деген қауесетті де жоққа шығарды.