Иранның нано өнімдерінің экспорты 110 пайызға артты
(last modified Sat, 02 Nov 2024 12:50:46 GMT )
Қар 02, 2024 18:50 Asia/Almaty
  • Иранның нано өнімдерінің экспорты 110 пайызға артты

ParsToday - Иранның Нано және микро технологияларды дамыту штабының хатшысының айтуынша, өткен жылы ИИР-ның нано өнімдерінің экспорты 110 пайызға артып, 145 миллион долларға жетті.

Иранның Нано және микро технологияларды дамыту штабының хатшысы Имад Ахмадванд: «Өткен жылы Иранның нано өнімдерін сату көлемі 1 миллиард 620 миллион долларды құрап, оның 91 пайызы ішкі нарықта сатылып, 9 пайызға жуығы мақсатты нарықтарға экспортталды».- деді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Имад Ахмадвандосы тұрғыда былай деп атап көрсетті: «1402 хижра жылы ирандық өнімдердің осы түрінің экспортының көлемі 145 миллион доллар болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110 пайызға артқан».

Ахмадвандтың айтуынша, бұл өнімдердің 60 пайызы сәйкесінше Ирак, Сирия, Үндістан, Қытай және Түркияға экспортталған.

Осы есеп бойынша өткен жылы Иранның нанотехнологиялық өнімдерін Ирак 33,5 миллион доллар, Сирия 20 миллион, Үндістан 9,14 миллион, Қытай 4,10 миллион, Түркия 1,10 миллион долларға сатып алды.