Германия елшілігі жабылады; Германияның лаңкесті қолдауына Иран ақпарат құралдарының реакциясы
(last modified Sun, 03 Nov 2024 12:47:59 GMT )
Қар 03, 2024 18:47 Asia/Almaty
  • Германия елшілігі жабылады; Германияның лаңкесті қолдауына Иран ақпарат құралдарының реакциясы

ParsToday – ирандық журналист Хұсейн Шариатмадари сын мақаласында: «Германия елшісі мен елшілігінің Ирандағы болуын жалғастыруға рұқсат сионистік режимге консулдық ашуға рұқсат беруді білдіре ме?»- деп жазды.

«Тондар» жалдамалы және лаңкестік тобының Иран халқына қарсы жылдар бойы жасаған зұлымдықтары мен қылмыстарынан кейін осы лаңкестік топтың жетекшісі, Германия азаматтығын алған Джамшид Шармахд өлім жазасына кесу үкімі Иранның Жоғарғы сотында заңды процесстен өтіп, сот үкімі түпкілікті бекітілгеннен кейін қазанның 28-і күні орындалды.  

ParsToday хабарлауынша, бұл лаңкестің өлім жазасына кесілуі және Германиядағы дүрбелең ирандық БАҚ-та кең тараған реакцияларға ие болды, оны төменде оқи аласыз:

 

Батыс жетекшілері мен лаңкестік топтар

Tasnim ақпарат агенттігі Шармахдты өлім жазасына кесу туралы мақаласында былай деп жазды: «Иранның әрекеті аймақтағы лаңкестік топтардың батыстық жетекшілеріне ұнамады, сол себепті Германия Сыртқы істер министрлігі ирандық-неміс тұтқыны Джамшид Шармахдтың өлім жазасына кесілуіне наразылық білдіру үшін Берлиндегі елшісін дереу шақырғанын хабарлады».

 

Германияның Ирандағы елшілігі Израиль консулдығы болып табылады. Оны жабу керек

«Кейхан» газетінің бас редакторы Хұсейн Шариатмадари «Германия елшілігі ме, әлде Израиль консулдығы ма?» деген мақаласында былай деп жазды: «Германия үкіметінің сионистік болмысының жоққа шығарылмайтын құжаттарымен Ирандағы Германия елшілігінің Израиль консулдығы екендігіне және жабылуы керек екеніне күмән бар ма?!»

Сондай-ақ келесі сұрақ көтерілді: «Германия елшісі мен елшілігінің Ирандағы болуын жалғастыруға рұқсат сионистік режимге консулдық ашуға рұқсат беруді білдірмейді ме?»

 

Батыстықтар Иранда лаңкестің өлім жазасына кесілуіне наразы

«Саясат-е руз» («Күн саясаты») газеті «Батыс және адам құқығы жолындағы үлкен өтірік» атты мақаласында: «Иранның Жоғарғы сотында заңды рәсімдер өтіп, сот үкімі түпкілікті бекітілгеннен кейін «Тондар» лаңкестік тобының жетекшісінің өлім үкімі орындалған жағдайда, батыс елдері мен олардың қолдауындағы лаңкестер өлім жазасына кесуді айыптады. Сөйтіп өздерінің Иранға және адамшылыққа қарсы сипатын баршаға тағы әшкереледі»,- деп жазды.

 

Еуропаның шиеленісті тудыратын террористі қорғауы

«Иран» газеті Иранның Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчиге сілтеме жасап, «Тондар» лаңкестік тобының жетекшісінің өлім жазасына кесілуіне Батыстың наразылығына реакция білдіріп, былай деп жазды: «Еуропаның Израильдің басып алған Палестинадағы геноцидіне көз жұмып, лаңкестің өлім жазасына кесілуіне наразылық білдіруі Теһран мен Еуропаның кейбір астаналары арасында дипломатиялық қақтығыс тудырды».

 

Германия үкіметінің лаңкестерге қолдау көрсетуі  

Иран студенттері ақпарат агенттігі (ISNA) Иран Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы баспасөз хатшысы Сейед Аббас Мусавиге сілтеме жасап: «Германия үкіметінің қос иран-герман азаматы болған «Тондар» лаңкестік тобының жетекшісінің өлім жазасына кесілуінен кейін Мюнхен, Франкфурт және Гамбургтегі Иран консулдықтарын жабу туралы шешімі таң қаларлық жағдай емес. Өйткені Германия үкіметі бұл күндері Израиль режимінің әскери қылмыстарын қолдап, оның Иранмен тамыры терең және тарихи қарым-қатынастарын бірте-бірте жоюда алға шықты»,- деп жазды.

Тегтер