Иранның «Роян» ғылыми-зерттеу институты Иракта медициналық дің жасушалары орталығын құруға дайын
(last modified Tue, 12 Nov 2024 10:08:18 GMT )
Қар 12, 2024 16:08 Asia/Almaty
  • Иранның «Роян» ғылыми-зерттеу институты Иракта медициналық дің жасушалары орталығын құруға дайын

ParsТoday - Иранның «Роян» ғылыми-зерттеу институты Иракта дің жасушалары мен регенеративті медицина ұлттық орталығын құру үшін бұл елдің денсаулық сақтау министрлігінің менеджерлерімен ынтымақтасады.

Иранның «Роян» ғылыми-зерттеу институтының жетекшілері мен профессорларының Ирак денсаулық сақтау министрлігінің басшыларымен топтық кездесуінде осы ғылыми-зерттеу институтының ынтымақтастығымен Иракта Ұлттық дің жасушалары және регенеративті медицина орталығын құруды жоспарлауға баса назар аударылды.

ParsТoday-дің Mehr ақпарат агенттігіне мілтеме жасап хабарлауынша, Ирак Денсаулық сақтау министрі, осы министрліктің орынбасарлары мен менеджерлері, сондай-ақ ирак ғалымы профессорларының қатысуымен өткен бұл отырыста алдағы уақытта Иран мен Ирак арасында екіжақты келісімге қол қою туралы шешім қабылданды.

Бұған дейін «Роян» институты технология мен ноу-хаудың трансферіне сәйкес ИИР-ның Ирак, Оман, Әзірбайжан және Сирияда дің жасушаларына қатысты жақсы жабдықталған төрт зерттеу орталығын құруды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Иранның «Роян» ғылыми-зерттеу институты халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу және технологиялық хаб, дің жасушалары, репродукция, биотехнология, регенеративті медицина салаларында беделі бар биологиялық ғылымдардағы ғылым, технология және инновацияларды дамытуда пионер және қоғам денсаулығын жақсартуда тиімді.

Иранның «Роян» ғылыми-зерттеу институтының басшысы Абдул Хұсейн Шахварди «Роян» командасының жетістіктері туралы: «Халықаралық ғылыми журналдардың баяндамаларында «Роян» ирандық зерттеушілердің ғылыми ұстанымы жақсы айтылып, бұл зерттеушілер өз күш-жігерлерімен осы ұстанымға қол жеткізіп, ғылыми ортада өз аты мен Иранның атын жоғары көтере алды»,- деді.

Шахвардидің айтуынша, ISESCO ұйымының ғылым және технология сыйлығын жеңіп алу, ЮНЕСКО-ның Экваторлық Гвинея сыйлығын жеңіп алу, Мұстафа сыйлығын және Дүниежүзілік ғылым академиясы сыйлығын жеңіп алу, ерлер бедеулігін емдеуге қатысты жарияланған құжаттар негізінде «Роян» ғылыми-зерттеу институтын әлемдегі ең жақсы 10 орталықтың ішінде тоғызыншы орталық ретінде таңдау, «Роян» ғылыми-зерттеу институтының бес зерттеушісінің 2022 және 2023 жылдары ең көп сілтеме жасалған жиһад зерттеушілерінің қатарында болуы «Роян»  зерттеу институтының құрметтерінің бірі.