Иран үшінші рет Израиль режимін қашан жазалайды? Иран Сыртқы істер министрінің түсініктемелері
ParsToday - Иран Сыртқы істер министрі Израиль режимінің жақында Иранға жасаған шабуылына тоқталып: «Иран Ислам Республикасы реакция жасау құқығынан бас тартқан жоқ және бұл шабуылға өз уақытында және лайықты түрде жауап береді», деді.
Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Ислам революциясы Сақшылар корпусы штаб-пәтерінің қолбасшылары мен қызметкерлерінің жиынында: «Иран халықаралық қауымдастыққа сионистік режимнің жуырдағы Иранға жасаған шабуылының жаңа шабуыл екенін және оған жауап беруге лайық екенін ресми түрде жариялады», -деді.
ParsToday агенттігінің хабарлауынша, Арақчи сонымен қатар «Шын уәде 3» операциясының орындалу уақытына тоқталып былай деді: «Соңғы 12 ай ішінде Иран өте ақылды және қырағы әрекет етті және оның шешімдері эмоцияға толы болмады. «Шын уәде 3» үшін де солай болады».
Иранның дипломатиялық қызметінің басшысы соғысқа тосқауыл болатын нәрсенің соғысқа дайындық екенін айтып: «Қорқытатын жаулар қарсы жақтан әлсіздік күтеді, әлсіздік көрсе, өз ісін істейді. Сондықтан соғыс жағдайында табанды тұру өте маңызды».
Иран Сыртқы істер министрі сөзін жалғастыра отырып, майдан мен дипломатияның бір екенін және бір-бірінен бөлек емес екенін баса айтты: «Дипломатия құдыретке сүйеніп әрекеттенеді, ал құдырет болмаса, дипломатияның пайдасы жоқ».
Сарапшылардың пікірінше, соңғы айларда ИИР екі ауқымды және бірегей операция жасау арқылы «Шын уәде 1» және «Шын уәде 2» басқыншыларды жазалау мен елдің аумақтық тұтастығын қорғауда әрқашан байсалды ұстанымда екенін дәлелдеді. Иранның аймақтағы тежеу тәсілі сионистік режим мен Тель-Авивтің батыс жақтастары арасындағы шиеленіс тудыруды тоқтатуда да маңызды рөл атқарды.