Доктор Велаятидің Украина мәселесінде Батыстың біржақтылығына берген жауабы
(last modified Mon, 25 Nov 2024 13:12:13 GMT )
Қар 25, 2024 19:12 Asia/Almaty
  • Доктор Велаятидің Украина мәселесінде Батыстың біржақтылығына берген жауабы

ParsToday - Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Украина соғысы мен осы соғыстың жаңа оқиғаларға байланысты болашағына тоқталып: «Батыс Еуропаның ең үлкен елін саяси мақсаттары үшін құрбан етті»,- деді.

Дүниежүзілік Исламдық ояну форумының бас хатшысы әрі Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі доктор Әлиакбар Велаяти бір сұхбатында: «Батыстықтардың әдеті - мүмкіндігінше бәсекелестерімен тікелей қарсы тұрудан аулақ болу, сондықтан әртүрлі елдерде олар ауыр зардап шекпеу үшін адамдарды бәсекелестерімен күресуге итермелеуге тырысады»,- деді.

ParsToday-дің IRNA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Велаяти: «Батыс Украина сияқты маңызды елде халықаралық жағдайдан хабары жоқ, амбициялы адамды тағайындап, оны Ресейге қарсы үгіттейді»,- деп қосты.

Исламдық ояну форумының Бас хатшысы одан әрі: «Зеленский жауапкершілікті сезінбестен гүлденген елді басқарып отыр және өзінің саяси мақсаттары үшін Батыстағы ең ірі Еуропа мемлекетін құрбан етті»,- деді.

Велаяти халықаралық сахнаның маңызды өзгерістің табалдырығында екеніне тоқталып: «Ең алдымен Америка үкіметіндегі өзгерістер мен жаңа үкіметтің келуі және басқаша көзқарасы арқасында Украинаға көмек азайып кетті. Киев сәтсіздікке ұшырайтын сияқты»,- деп айтты.

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі сөзінің жалғасында: «Басқа жағынан, сионистік режим Палестина мен аймақтың езілген халқына қарсы қатаң шайқас жүргізген Батыс Азия аймағында қолдаушыларының болжамдарына қарамастан, әлсіреді. Ерте ме, кеш пе, қанішер элементтің, яғни Нетаньяхудың саяси өмірі аяқталып, ол биліктен құлап, қарсыласу майданы жеңеді»,- деп мәлімдеді.