Иранның ең жоғары әскери шенеунігі: Сионистер қатаң және елестетпейтін жауап алады
(last modified Wed, 27 Nov 2024 13:50:18 GMT )
Қар 27, 2024 19:50 Asia/Almaty
  • Иранның ең жоғары әскери шенеунігі: Сионистер қатаң және елестетпейтін жауап алады

ParsToday - Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы сионистік режимнің соңғы кездегі Иранға қарсы агрессиясына тоқталып: «ИИР-ның қорғаныс доктринасы дұшпандық қоқан-лоққылардың ең жоғары деңгейіне сәйкес уақытта соққы және тосқауыл қоюға негізделген».

Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммад Бақери қарулы күштердің жоғарғы қолбасшыларының жиынында сионистердің Иранға соңғы басқыншылық әрекеттерімен Ислам республикасының қызыл сызықтарын өткенін баса айтты.  

Иран Телерадио бірлістігі агенттігіне сілтеме жасаған Parstoday хабарына сәйкес, генерал-майор Бақери: «Сионистер ИИР-ның қарулы күштері ахлақ пен діни ілімдерге негізделген және халықаралық заңдарға негізделген территориялық тұтастықты қорғау жолында басқыншыларға дәлдікпен, әдептілікпен, қажет уақытта, кідіріссіз және асықпай өкіндіретін және қатаң жауап беретінін білуі керек», -деді.

Генерал-майор Бақери «Шын уәденің» екі операциясына сілтеме жасай отырып:

«Бұл екі операция тактикасы мен орындалу формасы және тіпті оларда қолданылған қару түрі жағынан бір-бірінен өзгеше болғандықтан, Израильдің соңғы агрессиясына жауап беру де осы режим басшыларының қиялынан тыс жоспарланған», - деді.

Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы да осы күндері сионистік режимнің Газа мен Оңтүстік Ливанның екі майданындағы шарасыздығы мен дәрменсіздігіне тоқталып: «Ливан мен Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған барлық қылмыстарға қарамастан, сионистік армия жарияланған мақсаттарының ешқайсысына қол жеткізе алмады», - деп баса  айтты.

Генерал-майор Бақери: «Олардың Ливандағы соғыстағы ең маңызды мақсаты оккупацияланған аумақтардың солтүстігінің қауіпсіздігін тұрақтандыру және осы аудандардың тұрғындарын қайтару болды. Бұған қол жеткізілген жоқ, сонымен қатар Хайфа мен Тель-Авив сияқты үлкен қалаларда кең таралған қауіпке тап болды»,- баса айтты.

Иран Қарулы Күштері Бас штабының басшысы былай деп қосты:

«Сионистік армия Газа секторына жасалған шабуылдың ең маңызды мақсатының тұтқындарды босату екенін жариялады. Бірақ қазір, әл-Ақса дауылы операциясынан кейін он төрт ай өткен соң, олар бұл тұтқындардың қайда екенін де таба алмады, бірақ бірнеше айлық ауқымды соғыстан кейін бұл режимнің премьер-министрі тұтқындарын босату үшін сыйлық жариялауға мәжбүр болды».

26 қазанда сионистік режим Иранның Теһран, Хузестан және Илам облыстарындағы әскери орталықтардың бір бөлігіне шиеленісті әрекетпен шабуыл жасады және Иранның біртұтас әуе қорғаныс жүйесі тосқауыл қоюмен бірге Израиль режимінің осы басқыншылық әрекетімен сәтті қарсы тұра алды.

Иран Ислам Республикасының әуе шабуылына қарсы қорғаныс базасының қоғаммен байланыс мәлімдемесіне сәйкес, кейбір жерлерге шектеулі зиян келтірілді.