Иран атысты тоқтату келісімін қолдады; сионистік режим Ливанға қарсы агрессиясын тоқтатты
(last modified Wed, 27 Nov 2024 14:07:18 GMT )
Қар 27, 2024 20:07 Asia/Almaty
  • Иран атысты тоқтату келісімін қолдады; сионистік режим Ливанға қарсы агрессиясын  тоқтатты

ParsToday - Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сионистік режимнің Ливанға қарсы басқыншылығының аяқталуы туралы хабарды құптап, Иранның Ливан үкіметі, ұлты мен қарсыласуын табанды түрде қолдайтынын қуаттады.

Израиль мен Ливан арасындағы атысты тоқтату туралы келісім бүгін, сәрсенбі күні таңертең күшіне енді.

ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-інің баспасөз хатшысы Исмаил Бақаи ИИР-ның Газа мен Ливанға қарсы соғысты дереу тоқтату қажеттілігіне және осы мақсатқа жету үшін соңғы 14 айда Иранның кең ауқымды дипломатиялық қозғалыстарына қатысты тұрақты ұстанымына сілтеме жасап: «АҚШ пен кейбір еуропалық үкіметтердің жан-жақты қолдауымен жалғасып келе жатқан сионистік режимнің соғыс ашуы мен қылмыстарының нәтижесі 60 мың жазықсыз адамның шәһид болуы, 120 мың адамның жаралануы, 120 мыңнан астам адамның босқынға айналуы болды. Палестина мен Ливанның езілген халқының үш жарым миллион адамы және Газа мен Ливандағы өмірлік маңызды инфрақұрылымдарды жойылды». Бақаи: «Халықаралық соттың геноцидтің алдын алу жөніндегі уақытша бұйрықтарына және халықаралық қылмыстық соттың сионистік режим басшыларын соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстар жасағаны үшін қамауға алу бұйрығына қатысты, соңғы 14 айда соғыс пен геноцидтің тоқтатылуын талап еткен дүние жүзінің қоғамдық пікірі бүгінде басқыншы режим қылмыскерлерінің сотталып, жазалануын күтуде»,- деп қосты.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың Батыс Азия аймағындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғау және басқыншы сионистік режимге Газаға қарсы соғысты тоқтату үшін тиімді қысым көрсету жауапкершілігін қуаттады.

Айта кетейік, сионистік режим 2023 жылдың 7 қазанынан бастап Газа секторына қарсы жойқын соғыс бастады. Осы кезеңде бұл аймақтағы тұрғын үйлер мен инфрақұрылымдардың көпшілігі қатты зардап шекті, ал қоршау мен ауыр гуманитарлық дағдарыс, бұрын-соңды болмаған аштықпен бірге бұл аймақ тұрғындарының өміріне қауіп төндірді.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, Газадағы соғыс басталғалы бері палестиналық шәһидтер саны 44 мыңнан астам адамға жетті, оның 70 пайыздан астамы әйелдер мен балалар.

2024 жылдың 23 қыркүйегінде сионистік армия Ливанның әртүрлі аймақтарына ауқымды шабуылдар жасады және бұл шабуылдар Ливан Хизболласының шешуші жауабына тап болды.