Иран Ислам Республикасы қуатты технологиялары бар 10 елдің қатарына кіреді
ParsToday- Әлемдік ғылым мен технологияның дәйексөз және мониторинг институты басшысының айтуынша, Иран қуатты технологиялары бар 10 елдің қатарына кіреді.
Ислам әлемі ғылым және технология дәйексөз және мониторинг институтының басшысы Сейед Ахмад Фазелзаде Иран Ислам Республикасының қуатты құрушы технологиялар бойынша әлемдегі ең үздік 10 елдің қатарына кіретінін хабарлады.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам әлемі ғылым және технология дәйексөз және мониторинг институтының басшысы Сейед Ахмад Фазелзаде ИИР-ның Телерадио бірлестігі басшысы Пиман Джебелидің сапары барысында 2024 жылы әлемнің жетекші 20 елінің ғылыми өнімдеріне тоқталвп: «Қазір Иран Scopus* деректер базасында әлемде 17-ші орында және жетекші ислам елдерінің арасында (2024 жылы) екінші орында тұр»,- деді.
Фазелзаде бұдан әрі Ислам әлемі ғылым және технология анықтамалық және мониторинг институтының ИИР Телерадио бірлестігімен өзара ынтымақтастық үшін арнайы медиа-портал ретінде арнайы порталды анықтауға және іске қосуға дайын екенін мәлімдеді.
ИИР-ның Телерадио бірлестігі басшысы Пиман Джебели де Телерадио бірлестігімен ISC институты арасындағы стратегиялық құжатын ерекше маңызды деп санап, бұл құжаттың мүмкіндігінше тезірек жүзеге асатынына үміт білдірді.
*Scopus – 60 миллионға жуық құжаттың библиографиялық ақпаратын және әлемнің түкпір-түкпірінен бес мыңға жуық ғылыми баспалардың өнімі туралы ақпаратты қамтитын ең сенімді және белгілі дәйексөз индекстерінің бірі.