Иранда мыңдаған тұтқынның босатылуы және 3 лаңкестің өлім жазасына кесілуі; Кейбір жаңалықтарға шолу
(last modified Tue, 03 Dec 2024 10:22:23 GMT )
Жел 03, 2024 16:22 Asia/Almaty
  • Иранда мыңдаған тұтқынның босатылуы және 3 лаңкестің өлім жазасына кесілуі; Кейбір жаңалықтарға шолу

ParsTodау - Иранның сот жүйесінің басшысы мен Жоғарғы кеңес мүшелерінің Теһран облысына сапарымен бір уақытта мыңнан астам қылмыскер тұтқынды босатуға дайындық жұмыстары жүргізілді, сонымен бірге қылмыскерлер жазасын өтеп жатыр.

Иранның сот билігінің басшысы Ғұламхұсейн Мұхсени Эжеидің   тұтқындардың мәселелерімен айналысуын қуаттауына сәйкес қайырымдылық мекемелерінің және қайырымдылық жасаушылардың, дие штабы, тұтқындарды қолдау бірлестіктерінің және қайырымдылықтардың көмегімен 1000-нан астам тұтқындарды босатуға дайындық жасалды. Сондай-ақ оның сапары барысында Теһран облысының жеті мыңнан астам тұтқыны демалысқа жіберілді.

Осы тұрғыда және ParsТoday хабарына сәйкес, Хорасан Разави облысының имам Реза (ғ.с.) корпусының қасақана емес қылмыстары үшін тұтқындарды босату штабының хатшысы Джавад Юсуф Ализаде: «Өткен аптада Хорасан Разави облысында қасақана емес қылмыс жасаған 42 тұтқын Басиж аптасына орай және қайырымды жандардың күш-жігерімен босатылды»,- деді.

Иранның Құм облысының бас және революциялық прокуроры да: «Тұтқындармен бетпе-бет кездесуде 60 тұтқынды босату туралы келісім жасалды»,- деп хабарлады.

Айта кетейік, 2024 жылдың 19 қыркүйегінде Ислам пайғамбары мен   Имам Садықтың (ғ.с.) туған күніне орай Ислам революциясының жетекшісі Иранның Сот билігі басшысының рақымшылық жасау немесе 3 мыңға жуық сотталушының жазасын жеңілдету туралы өтінішіне келісті.

 

Иранда қылмыстары қасақана емес тұтқындарды босату басталды

2024 жылы 28 қарашада Иранның Батыс Әзірбайжан облысының төрағасы Насер Атбати: «Облыс азаматтарының қылмыстары  қасақана емес тұтқындарды босату науқанында 113 тұтқын заңды ұпайлары  пайдаланып және 82 адам Батыс Әзірбайжан облысының қайырымдыларының күш-жігерімен босатылды.

2024 жылдың 25 қарашасында Иранның Керман облысы дие орталығы өкілдігінің директоры Сейед Ходжатулла Мусави Қавам: «Қоғамдық науқандардың арқасында соңғы сегіз айда Керман облысында қасақана емес қылмыс жасаған 238 тұтқын босатылды»,- деді.  

2024 жылдың 14 тамызында Ирандағы дие орталығында қоғаммен жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Хади Джалали осы топтың 30 жылдық қызметі туралы баяндамасын ұсынып, былай деді: «Осы кезеңде бүкіл Иран бойынша қасақана емес қылмыс жасаған 170 мыңнан астам тұтқын босатылып, отбасыларының ыстық құшағына қайтарылды».    

 

Қылмыскерлер Ислам заңдары негізінде сотталады

Әрине, Иранда барлық тұтқындар амнистияға немесе жеңілдетілген жазаға кірмейді, ал қылмыскерлер ислам заңдары бойынша сотталады.

Жақында Хамедан қаласында 20 жыл ішінде 200-ден астам әйел мен қызды зорлаған қылмыскер көпшілік алдында дарға асылды.

Бұл қылмыскер жәбірленушілерді тұрмысқа, достыққа, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге шақырған, кейбіреулерін күшпен алдап кеткен. Бұл қылмыскердің ісі көптеген шағымданушылар болған істер қатарының бірі болды.

Тағы бір жағдайда Иранның сот билігінің баспасөз хатшысы Асғар Джахангир Иранның ядролық ғалымдарының бірі Шахид Фахризаданы өлтіру үшін құрал-жабдықтарды қамтамасыз еткен агенттерге өлім жазасын жариялады. Джахангир: «Сионистік режим ирандық ғалымдарды анықтау және өлтіруге байланысты әрекеттер жасап, Иранның қауіпсіздік күштері әртүрлі провинциялардағы тыңшылық агенттерін бақылап отыр. Осыған байланысты Батыс Әзірбайжан облысында 8 адам анықталып, тұтқындалып, оның 3-уі сионистік режимге тыңшылық жасағаны үшін сотқа берілді.

Бұл адамдар алкогольдік ішімдіктерді контрабандалық жолмен алып жүрміз деген желеумен шәһид Фахризаданы өлтіруге арналған құрал-жабдықтарды өткізген. Олар бастапқыда өлім жазасына кесілді, қазір апелляциялық сатыда.

 

Батыс ақпарат құралдары Ирандағы лаңкестерді саяси қылмыскерлер ретінде көрсетеді

Ирандағы қылмыскерлерді соттау әрқашан Батыс ақпарат құралдарының тақырыбы болды. Бұл дұшпандық ақпарат құралдары Ирандағы қылмыскерлерге кең таралған рақымшылық туралы айтпай-ақ, Ирандағы өлім жазасын көрсету арқылы Ислам Республикасын айыптауға тырысады. Бұл ақпарат құралдары өз аудиториясын алдау үшін Ирандағы лаңкестерді саяси қылмыскерлер ретінде көрсетеді. Мәселен, соңғы екі жылдағы «Әйел, өмір, бостандық» атымен танымал болған тәртіпсіздіктер кезінде бірқатар лаңкестер Иранға қару әкелу арқылы бірқатар жасөспірім ұл-қыздарды өлтірді, ал бұл арада алданған адамдардың кейбірі олармен бірге жүрді.

Әрине, осы тәртіпсіздіктер аяқталғаннан кейін (2022 жылдың қыркүйегінде) имам Хаменеи 2023 жылдың ақпанында амнистияға және кісі өлтірмеген айыпталушылар мен сотталғандарға қатысты ауқымды жазаны жеңілдетуге келісті.

Иранның сот билігінің сот орынбасары Рахимидің мәлімдемесіне қарағанда, Ислам революциясы жетекшісінің сол кездегі үкімі 89 мыңнан астам тұтқынның кешірілуімен аяқталды.