Иранмен халықаралық байланыстың жеңілдетілуі «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы жетістіктерінің бірі
Иран үкіметінің ақпарат хатшысы Иранмен халықаралық байланыстың орнатылуы мен жеңілдетілуін «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын күшіне енгізу жетістіктерінің бірі деп атады.
Иран үкіметінің ақпарат хатшысы Мұхаммад Бағер Ноубахт: "«Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын күшіне енгізу және санкциялардың күшінің жойылуымен жұмыс пен кәсіптің жақсаруы және экономиканың дәуірлеуімен қарсыласу экономикасын алға жылжыту мүмкін іс болып отыр" деді.
Мұхаммад Бағер Ноубахт «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының табысты болуын ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің қолдауы және халықтың үкіметке демеуші болуына қарыздар деп атап: "«Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын күшіне енгізуден кейін Иранға шамамен 3 млрд 500 млн доллар шетелдік қаржы салынды" деді.
Иран үкіметінің ақпарат хатшысы осы мөлшерде шетелдік инвестицияның «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын күшіне енгізуден кейін 41 жоба бойынша 9 елдің басшысының Иранға сапар шегуінен кейін іске асқанын мәлімдеді.