Аятолла Хаменеи: Намаз оқитын адам бүкіл ғалам Иесімен сөйлесіп жатқанын білуі керек
(last modified Wed, 25 Dec 2024 15:41:37 GMT )
Жел 25, 2024 21:41 Asia/Almaty
  • Аятолла Хаменеи: Намаз оқитын адам бүкіл ғалам Иесімен сөйлесіп жатқанын білуі керек

Имам Хаменеи 31-шы жалпыұлттық намаз жиналысына жолдаған жолдауында намаз штабының басшысы Мохсен Қараатидің шынайы жұмысын жоғары бағалай отырып, намаз оқитын адамдарды, намазды уақыты басталсымен оқуға және намаздың жүрек пен жанға, сондай ақ, жеке және қоғамдық әрекеттерге әсерлі болуы үшін мұқият болуға шақырды. Ол басқаларға қарағанда жастарды осы сөздің тыңдаушылары деп санады.

ParsToday агенттігінің Ислам революциясы жетекшісі кеңсесінің ақпараттық базасына сілтеме жасап хабарлауынша, имам Хаменеидің жолдауының мәтіні мынадай:

بسم الله الرّحمن الرّحیم

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

Аллаға шүкір, берекелі намаз жиналыстары жылдар бойы жалғасып, Қараати мырзаның бұл шынайы әрекеті берекелі болды және күткендей жалғасын тапты және оның берекесі жалғасын табады деп үміттенеміз.

Менің негізгі кеңесім, біріншіден намазды уақыты басталсымен оқу, екіншіден жүректің назарын сақтауға тырысу; намаз оқитын адам  бұл дүние мен ақыреттің Иесімен сөйлесіп жатқанын білуі керек. Осы екі қасиеті бар намаз намаз оқитын адамның жүрегіне, жан дүниесіне, сосын оның жеке және қоғамдық істеріне әсер етеді. Бұл кеңестің тыңдармандары басқаларға қарағанда жастар.  Олар илаһи табыстарға жетеді деген үміт бар.

Уа салам алайкум уа рахматуллаһ

Сейед Әли Хаменеи

2024/12/25