ИИР 2 ирандық азаматтың өліміне қатысты Франция үкіметінен жауапкершілікті талап етті
(last modified Thu, 26 Dec 2024 10:40:59 GMT )
Жел 26, 2024 16:40 Asia/Almaty
  • ИИР 2 ирандық азаматтың өліміне қатысты Франция үкіметінен жауапкершілікті талап етті

ParsToday – Иран Ислам Республикасының Адам құқықтары жөніндегі штабы Францияда екі ирандық азаматтың өлтірілуіне жауап ретінде Франция үкіметінен жауап беруді талап етті.

ИИР-ның Адам құқықтары штабы мәлімдеме жасап, Франциядағы нәсілшілдік әрекеттерге жиіркеніш білдіріп, Францияда екі ирандық азаматтың өлтірілуін айыптап: «Франция үкіметі екі ирандық азаматтың өлтірілуіне жауап беріп, бұны жұртшылыққа түсіндіруі керек»,- деді. ParsToday агенттігінің хабарлауынша, бұл мәлімдемеде Франция үкіметі бұл іске қатысты егжей-тегжейлі құжаттамалар мен дәлелдемелерді ұсынып, шабуыл жасаушының мақсатын нақты түсіндіруі керек делінген. Әйтпесе, мұндай оқиғалар осы елдегі шетелдік азаматтардың қауіпсіздігі мен Францияның сот және қауіпсіздік жүйесінің жұмыс істеуіне қатысты күрделі сұрақтар тудыруы мүмкін.

Жақында Францияның Дюнкерк қаласында нәсілшілдік ниетпен күдікті қарулы шабуыл кезінде Хамид Құрбани және Хади Ростами есімді екі Иран азаматы француз шабуылшысымен басынан оқ атып, қаза тапты.

Жәбірленушілер арасындағы түсініксіз қарым-қатынасқа байланысты бұл шабуылда нәсілшілдік немесе тіпті террористік себептер болуы мүмкін деген болжамдар айтылды.

Француз билігі әлі Иран азаматтарын өлтіру қылмыстық іс немесе жоспарланған лаңкестік әрекет екенін жарияламаса да, бұл қарулы шабуылдың дәлелдері мен салдары шетел азаматтарына қарсы дұшпандық әрекетті көрсетеді.

Француз билігі сырттай бұл елді демократияның, сөз бостандығының және иммиграцияның бесігіне айналдыруға тырысқанымен, іс жүзінде көпшілігі қара нәсілді немесе азиялық болатын көптеген иммигранттарды қабылдамайды.