Ислам революциясы жетекшісі: Америка бағынатын, халыққа қарсы, артта қалған, батыстың мәселелеріне шырмалған Иранды көргісі келеді
(last modified Wed, 08 Jan 2025 16:06:01 GMT )
Қаң 08, 2025 22:06 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі: Америка бағынатын, халыққа қарсы, артта қалған, батыстың мәселелеріне шырмалған Иранды көргісі келеді

ParsToday - Ислам революциясының жетекшісі Құм халқының 1356 жылы 19 дейдағы Пехлеви диктаторлық режиміне қарсы көтерілістерінің жылдығында бүгін таңертең осы қаланың мыңдаған халқымен кездесті. Бұл отырыста Америка Құрама Штаттарының 46 жыл бойы Иран халқына қатысты қате есептеулері мен саясаттарынан кейін 19 дейдегі тарихи көтерілісті талдаудағы америкалықтардың ұқсас есеп қателігінің жалғасқанын айтты.

ParsToday ақпарат агенттігінің діни жетекші кеңсесінің ақпараттық базасына сілтеме жасап хабарлауынша, имам Хаменеи АҚШ-тың сол кездегі президенті Картердің 1356 жылы 10 дейда Теһранға сапарына және оның Мұхаммад Резаны өтірік мақтап,  Пехлеви кезіндегі Иранды «тұрақтылық аралы» деп сипаттауына сілтеме жасай отырып, былай деді: «Картер Америка үшін қолайлы деп санаған Иран-56 сыртқы саясатта американдықтарға таза бағынышты және олардың мүдделерін қамтамасыз етуші, ішкі саясатта ол режимге қарсы барлық ағымдарды қатаң түрде басушы, экономикалық тұрғыдан мұнай сатудан орасан табысы бар, бірақ өте таптық, ғылым мен техника жағынан артта қалған және мәдениет жағынан жемқорлық, әдепсіздік және батыстық арсыздық мәдениеті күн сайын кеңейіп жатқан ел болды».

 

Аятолла Хаменеи былай деп баса айтты: «19 дейдағы көтеріліс «американдықтардың қалаған Иранын» олардың қолынан шығарды. Бірақ Америка әлі де сол Иранды армандайды, әрине, бұл арманды Картер көрге әкеткендей, басқа американдықтар да оны корге әкетеді».

Ол үстемдіктің ең маңызды қорғанынан шыққан Ислам революциясының жеңісін Мұса пайғамбардың (ғ.с.) перғауынның сарайындағы тәрбиесіне теңеп, былай деп қосты: «Америкалықтар ұйықыға батып, олардың мүдделерінің берік қамалының жүрегінен ұлы Ислам революциясы шықты. Перғауын да хазірет Мұсаның үйінде өсіп жатқанынан бейхабар еді».

 

Аятолла Хаменеи 19 дейдағы тарихи көтерілісті талдау барысында Американың 46 жыл бойына қате есептеулері мен Иран ұлтына қатысты саясатын американдықтардың сол есеп қателігінің жалғасы деп атап: «Санкциялар енгізу арқылы олар Иранды экономикалық тұрғыдан тізе бүктіруді мақсат етті, бірақ Иран халқы санкциялар кезінде ғылым мен технологияда ең көп ілгерілеушілікке қол жеткізді және жастар әртүрлі салаларда жұмыс істеуге дайын болды».

Америкалықтардың қару-жарақты пайдалану және үгіт-насихат нәтижелерін тұрақтандыру үшін жұмсақ құралдарды қолдануды мың есе арттыруына тоқталып, былай деді: «Газада олар он мыңдаған адамды қырды, бірақ қарсылықты қару-жарақпен жоя алмады. Ливанда Сейед Хасан Насролла және басқа қолбасшылар шәһид болды, бірақ Хизболла жойылған жоқ және жойылмайды».

Аятолла Хаменеи үстемдіктін мәні бұрынғыдан өзгермегеніне тоқталып: «Ешкім бүгінгі Америка мен сионистік режимнің сол күндерден айырмашылығы бар деп ойламауы керек, әрине, олардың әдістері мен құралдары мың есе түрленді және кең ауқымды болды, басқа жағынан, біз мың есе сақтықпен және мұқият әрекет етуіміз керек».

 

Аятолла Хаменеи өз сөзінің басқа бір бөлігінде Иранды табиғи ресурстар мен адам күші сияқты құнды факторларға ие болғандықтан әлемдегі стратегиялық шың деп атады және жақсы географиялық және сезімтал саяси жағдайына назар аударып, былай қосты: «Иран шамамен 80 жыл бұрын бірнеше ондаған жылдар бойы Америка Құрама Штаттарына тиесілі болды, бірақ Ислам революциясы Иранды Америка Құрама Штаттарының қолынан шығарды, сондықтан олар революцияға деген ашуларын ұмыта алмайды».

Ол кейбір адамдардың еуропалық елдермен қарым-қатынастары мен Иранда елшілігінің болуына қарамастан Ислам республикасының АҚШ-пен келіссөздер жүргізуге және байланыс орнатуға неліктен ынталы еместігі туралы сөздеріне сілтеме жасап: «Революциядан бұрын Иран АҚШ-тың иелігінде болды және Ислам революциясы сол орасан зор саяси және экономикалық байлықтың американдықтардың қолынан кетуіне себеп болды, сондықтан олардың революцияға деген үлкен кегі бар, бұл Еуропа елдерінен айырмашылығы мүлде бөлек», деді.

 

Революция жетекшісі Американың өткен 46 жылда ауыр шығындарға қарамастан Иранды қайтарып алмауын олардың Иран халқы мен Ислам республикасына деген өшпенділіктерінің тағы бір себебі деп атап: «Америка бұл елде сәтсіздікке ұшырады және сол сәтсіздіктің орнын толтыруға тырысады. Сондықтан ол Иран халқына шамасы келгенше дұшпандық танытады», деп айтты.

Аятолла Хаменеи сөзінің соңында аймақтағы, соның ішінде Сириядағы оқиғалардың Палестина мәселесін кемітпеуі керектігін қуаттап: «Қарсылықтың негізгі көзі – сионистік режимнің арам пиғылды қозғалысына қарсы тұру», деді

Ол қарсыласудың күннен-күнге аман қалуы мен күшеюіне тоқталып: «Біз Газадағы, Йордан өзенінің батыс жағалауындағы, Ливандағы, Йемендегі және сионистік режимге қарсы тұрған және қарсыласатын кез келген жерде қарсыласуды қолдаймыз», деді.