Израиль Иранның Трампқа терроры туралы қауесетті неліктен таратты?
(last modified Wed, 15 Jan 2025 10:27:56 GMT )
Қаң 15, 2025 16:27 Asia/Almaty
  • Израиль Иранның Трампқа терроры туралы қауесетті неліктен таратты?

ParsToday - ИИР президенті америкалық БАҚ-қа берген сұхбатында: «Иран аймақ пен әлемдегі бейбітшілікті қолдаушы және шиеленісті азайтуды жақтаушы болып табылады»,- деді.

ParsТoday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан сейсенбі күні кешке Американың NBC арнасына берген сұхбатында сионистік режимнің Газа секторындағы жазықсыз Палестина халқына қарсы агрессиясы мен қырғынын айыптай отырып:  «Иран Ислам Республикасы аймақ пен әлемде бейбітшілік орнауын пен шиеленістің төмендеуін қалайды және абыройлы және тең құқылы келіссөздерге дайын»,- деп айтты.

Пезешкиан «Дипломатияға төнетін ықтимал қауіптердің бірі АҚШ-тың Иранда Дональд Трампты өлтіру жоспары бар деп санауы болуы мүмкін. Ондай жоспар болды ма?» деген сұраққа былай деп жауап берді: «Біз аймақта, Еуропада және басқа жерлерде көріп жүрген террорлардың барлығында ирандықтардың ізі бар ма?! Қатысы  болды ма?  Ешқашан!  Трампқа қарсы қастандық деп аталатын бұл – Израиль мен басқа елдердің Иранмен араздықты ілгерілету жоспары».

Пезешкиан сөзінің жалғасында  Иранның соғыс іздемейтінін, бірақ ядролық нысандарына шабуыл жасалған жағдайда өзін қорғауға дайын екенін баса айтты.

«Қараңдар, әрине, кез келген әрекетке жауап береміз», - деді Пезешкиан.

Иран президенті: «Біз соғыстан қорықпаймыз, бірақ біз оны іздемейміз. Мен бұл болмайды деп үміттенемін, өйткені бұл барлық ойыншыларға зиян тигізеді»,- деп мәлімдеді.

Иранның дұшпандары сылтау іздеп, Теһранды бомба жасамақ болды деп айыптайды, бірақ «бұл дұрыс емес» деп қосты.