Ирандық студенттер дүниежүзілік өнертапқыштық олимпиадасының 3 алтын және күміс медалін жеңіп алды
ParsТoday- Ирандық жас өнертапқыштар 2025 жылы Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық ғылыми зерттеу және өнертапқыштық байқауында екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.
ParsТoday агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, 16 және 17 қаңтарда өткен бұл турнирге Оңтүстік Корея, Иран, Америка, Жаңа Зеландия, Қазақстан, Индонезия, Малайзия және Қытай сынды 13 ел өкілдері қатысты.
Қатысқан командалар мехатроника, жасанды интеллект, бағдарламалау, электроника, химия және нано, биотехнология және когнитивтік ғылымдар, жаңа энергиялар, физика және астрономия салаларында бақ сынады.
Ирандық студенттердің ғылыми топтарының жетекшісі Мәһди Рашидижахан былай деп мәлімдеді: «Құрамында Алиреза Джафаранежад пен Мехран Раджаби бар команда мехатроника саласы бойынша алтын медаль жеңіп алды. Моид Раджаби мен Хелена Раджаби тобы жасанды интеллект саласында алтын медаль жеңіп алды. Бұл екі топ 2025 жылы Оңтүстік Корея халықаралық ғылыми зерттеулер мен өнертапқыштық байқауынан Иранға 2 алтын медаль әкелді».
Таңдалған топтардың мақалаларының Кореяның сенімді журналдарында жарияланатынына назар аударған Рашидижахан: «Химия және нано саласындағы Таха Канани мен Мұхаммад Хұсейн Рахмани тобы да осы жарыстың күміс жүлдесін жеңіп алды»,- деді.