Имам Хаменеи: Олар "Иран әлсіреді" дейді; Болашақ кімнің әлсірегенін көрсетеді
(last modified Wed, 22 Jan 2025 16:23:51 GMT )
Қаң 22, 2025 22:23 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи: Олар

ParsToday - Имам Хаменей бүгін сейсенбі күні Иранның жүздеген кәсіпкерлері, инвесторлары және экономика саласындағы белсенділерімен кездесуінде Газа қарсылығының жеңісіне сілтеме жасап: "Әлемнің көзі алдында болып жатқан оқиға аңызға ұқсайды", - деді.

Ислам революциясының жетекшісі бүгін таңертең Иранның жүздеген кәсіпкерлері, инвесторлары және экономика саласындағы белсенділерімен кездесуінде жеке сектордың жетістіктері мен ілгеріліктерін үміт пен қозғалыс көзі деп атап, халықты, әсіресе жастарды осы қуанышты жетістіктерден хабардар ету үшін бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығын атап өтті. Олар: "Еліміздің шешім қабылдау және атқару жүйесі жеке секторға көмек көрсетуге және оның дамуы мен ілгерілеуіне кедергілерді жоюға толықтай маңызды міндет ретінде қарауы керек", - деп мәлімдеді.

ParsToday хабарлауынша, Имам Хаменей бұл кездесуде Газзаның атыс тоқтатуы мен жеңісін қарсылықтың тірі екені мен тірі қалатыны туралы болжамның айқын дәлелі деп атап, былай деді: "Әлемнің көзі алдында болып жатқан оқиға аңызға ұқсайды. Америка сияқты үлкен әскери күш, адамзаттық құндылықтарға мән бермей, зорлық жасаушы және қанішер сионистік режимге жарғыш бомбалар беріп, бұл қатыгез және мейірімсіз режим 15 мың баланы, үйлер мен ауруханаларда бомбалады,  бірақ өз мақсаттарына жете алмайды".

Ол АҚШ мүмкіндіктері болмаса, сионистік режим бірінші апталардың ішінде-ақ тізе бүгіп қалатынын атап өтіп, былай деп қосты: "Сионистік режим бір жылдан астам уақыт ішінде Газза сияқты шағын аумақта қанша қылмыс жасап, үйлерді, ауруханаларды, мешіттер мен шіркеулерді бомбалады. Бірақ, ақырында ол өзінің бақытсыз және қара жүзді басшысы белгілеген мақсатына, яғни ХАМАС-ты жоюға және қарсылықсыз Газаны өз бақылауына алуға қол жеткізе алмады. Керісінше, ол осы ХАМАС-пен келіссөздер үстеліне отырып, атыс тоқтату шарттарын қабылдауға мәжбүр болды".

Имам Хаменей Газа оқиғасында қарсылықтың тіршілігі мен жеңісін Алланың "қарсылық көрсетсең жеңіске жетесің" деген қасиетті заңының орындалуының мысалы деп атап: "Қай жерде Алланың игі құлдары тұрақтылық танытса, онда жеңіс сөзсіз болады",- баса айтты.

Ол сөзін жалғастырып, Иранның әлсіреуі туралы қиял мен елеске негізделген сөздерге сілтеме жасап, былай деді,: "Болашақ кімнің әлсірегенін көрсетеді. Саддам да Иранның әлсіреуін елестетіп, басып кіруге кірісті және Рейган да осы оймен оған үлкен көмек көрсетті. Бірақ, ақырында олардың екеуі де және басқа да ондаған елестетушілер барлығы өздерінің қателіктерін түсінді. Ал Ислам Республикасы күннен-күнге нығайып, дамыды. Бұл тәжірибені Алланың қолдауымен қайталауға болады".