Иран Ислам революциясының "Фаджр" онкүндігі басталды
(last modified Fri, 31 Jan 2025 10:50:54 GMT )
Қаң 31, 2025 16:50 Asia/Almaty
  • Иран Ислам революциясының

Бүгін, жұма х.ш.ж.с.б. 1403 жыл 12 бахманда Иран Ислам революциясының "Фаджр" онкүндігі басталды.

46 жыл бұрын осындай күнде, яғни х.ш.ж.с.б. 1357 жыл 12 бахманда (1979 жыл 1 ақпанда) ИИР-дың негізін қалаушы хазірет имам Хомейни 15 жылдық қуғыннан кейін халықтың ыстық ықыласына бөленіп, Иран жеріне аяқ басты.

Имам Хомейнидің Иранға келгенінен он күн өткен соң, яғни х.ш.ж.с.б. 1357 жыл 22 бахманда (1979 жыл 11 ақпанда) елде Ислам революциясы жеңіске жетті.  

Сол себепті Имам Хомейнидің Иранға келген күнінен Ислам революциясы жеңіске жеткен күнге дейінгі аралық (1-11 ақпан) "Фаджр" онкүндігі деп аталып, жыл сайын осы он күнде Ислам революциясының жеңісіне арналған мерекелік шаралар өтеді.