Имам Хаменеи Халықаралық Құран қариларының басқосуында айтқан 3 маңызды мәселе
(last modified Mon, 03 Feb 2025 13:24:42 GMT )
Ақп 03, 2025 19:24 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи Халықаралық Құран қариларының басқосуында айтқан 3 маңызды мәселе

ParsToday - 41-ші Халықаралық Құран жарысына қатысушы ұстаздар, қарилар мен хафыздар, сондай-ақ адамдар топтары кеше (жексенбі) Ислам революциясының жетекшісімен кездесті.

Ислам революциясының жетекшісі 41-ші Халықаралық Құран жарысына қатысушы жетекші ұстаздар, қарилар және хафыздармен, сондай-ақ жұртшылықпен кездесуінде Құранды Исламның ардақты пайғамбарының мәңгілік мұғжизасы деп атап:  «Құдайға деген шынайы сенім тіпті мүмкін емес нәрсені де мүмкін етеді»,- деп баса айтты.

Хазірет аятолла Хаменеи Әбу Абдулла әл-Хусейннің (ғ.с.) туған күнімен құттықтап, Құран мен пайғамбарлық мұғжизалардың жалғасуын адамзат пен ғалам үшін үлкен нығмет деп санап: «Құранға сілтеме жасағанда және оқығанда Мұхаммад пайғамбардың мұғжизасымен бетпе-бет келіп отырғанымызға толық назар аудару керек»,- деді.

Аятоллла Хаменеи Құрандағы сөздерді, тәртіпті, ұғымдарды, илаһи дәстүрлердің көрінісін және барлық нәрселерді мұғжиза деп атап: «Осы ұлы мұғжиза қолданылса, адамзаттың барлық мәселелері шешіліп, адамзат қоғамдарының өмірі реттеледі»,- деп сөзін жалғады.

ParsToday осы кездесуде имам Хаменеидің сөйлеген сөзінің үш маңызды тұсына тоқталды.

 

1. Құдайға сену

Аятолла Хаменеи бұл кездесуде Құрандағы «сенім» ұғымын түсіндіріп, былай деді: «Алланың ұлық сөзі бойынша кім Аллаға тәуекел етсе, оған Алла жеткілікті. Сондықтан аманат шарттары орындалса, бұл илаһи уәде міндетті түрде орындалады». Ол Алланың шынайы уәделеріне сенімді  иманның психикалық жағдайы деп атады және былай деп қосты: «Алланың рұқсатымен барлық мүмкін емес нәрсенің мүмкін болатынына ешбір күдіксіз сенімді болу керек».

Ислам революциясы жетекшісі Газа халқының сионистік режим мен Америка режимін жеңуін мүмкін емес нәрсені жүзеге асырудың үлгісі деп санап: «Газаның шағын аймағының халқы Америка сияқты ұлы державамен соғысып, жеңіске жетеді десе, оған ешкім сенбес еді, бірақ бұл мүмкін емес нәрсе Алланың рұқсатымен жүзеге асты»,- деп мәлімдеді. 

 

2. Майданға кіру

Аятолла Хаменеи «Кім Аллаға тәуекел етсе, оған Ол жеткілікті» аятының орындалуының екінші шартын амал өрісінде болу деп санап, былай деді: «Алла тағала әрбір істе адамға бір үлес жүктеген және Алланың уәделеріндегі ақыл-ой сенімділігіне қоса, бұл міндеттер де орындалса, еш күмәнсіз, мүмкін емес болып көрінсе де, бәрі де мүмкін болады». 

 

3. Нәтижеге жету үшін шыдамдылық пен күш-жігер қажет

Имам Хаменеи үстемшілдіктің тек қана Иран халқымен ғана емес, әлемнің көптеген ұлттарымен бетпе-бет келуіне тоқталып: «Иран ұлтының басқалардан айырмашылығы – Американың басқыншы, өтірікші, алдамшы және отаршыл екенін және ешбір адами ұстанымды ұстанбайтынын айтуда батылдық бар. Сондықтан олар «Америкаға өлім» дейді, бірақ басқалардың бұл шындықтарды айтуға, Америкаға қарсы тұруға, үстемшілдікке қарсы күресте өз үлестерін қосуға батылдары жетпейді, сондықтан олар ешқандай қорытындыға келмейд»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісі нәтижеге жету үшін шыдамдылық пен күрестің қажеттілігіне тоқталып, Иран халқының әлемдегі барлық тәкаппар державалардың тізбегі алдындағы 46 жылдық шыдамдылығы мен күш-жігерін елдің жан-жақты өсуінің себебі деп атап: «Иран халқы бұл текетірестен зардап шекпеді, сонымен қатар барлық салаларда өсті және алға жылжыды»,- деп қуаттады.