Иранның сыртқы сауда көлемі өткен 10 айда 158 миллион тоннадан асты
(last modified Fri, 07 Feb 2025 11:57:18 GMT )
Ақп 07, 2025 17:57 Asia/Almaty
  • Иранның сыртқы сауда көлемі өткен 10 айда 158 миллион тоннадан асты

ParsToday - Иранның Орталық банкі өткен 10 айда елдің сыртқы сауда көлемі 158 миллион тоннадан асқанын хабарлады.

Иран Орталық банкінің қоғаммен байланыс бөлімі сейсенбі есебінде  Иранның өткен 10 айдағы сыртқы сауда көлемі 158 миллион 180 мың тонна болғанын көрсетті.

ParsToday ақпарат агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Орталық банкінің қоғаммен байланыс бөлімі: «Өткен 10 айда Иранның сыртқы сауда көлемінің 127 миллион 396 мың тоннасы экспортқа бөлінді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салмағы жағынан 12 пайызға артты»,- деп мәлімдеді. Осы аяда Иран кедені өз баяндамасында: «Соңғы 10 айда Қытай, Ирак, БАӘ және Түркия Иранның шикізаттық емес экспортының негізгі бағыттары болды»,- деді.