Әлемнің 35 елі ирандық биотехнологиялық препараттарды пайдаланады
ParsToday - Иранның медициналық биотехнологиялық өнімдерін өндірушілер мен экспорттаушылар қауымдастығының хатшысы бұл өнімдердің 35 елге экспортталатынын хабарлады.
Иранның медициналық биотехнологиялық өнімдерін өндірушілер мен экспорттаушылар қауымдастығының хатшысы Хұсейн Амир Азди: «Иранның фармацевтикалық биотехнология өнеркәсібі санкцияларға қарамастан, өткен жылы 33 елге және биыл 35 елге экспорт жасады»,- деді.
ParsToday ақпарат агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Амир Азди Теһрандағы төртінші конгресі мен биотехнологиялық дәрі-дәрмек пен сабақтас өнеркәсіп көрмесінің алаңында: «Иранның фармацевтикалық биотехнология өнеркәсібі елге 2 миллиард доллар валюта үнемдейді және Иранның фармацевтикалық экспортының 60 пайызы осы салаға қатысты»,- деп айтты.
Медициналық биотехнологиялық өнімдерді өндірушілер мен экспорттаушылар қауымдастығының хатшысы былай деп мәлімдеді: «Бүгінгі таңда биотехнология саласындағы әлемдік 150 фармацевтикалық өнімнің 40-ы Иранда өндіріледі».